Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана" құрамын тағы бір футболшымен толықтырды

Бұған дейін елордалық клуб Антонио Рукавинамен келісімшарт жасаған еді.


«Астана» футбол клубы Әзірбайжан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысыРичард Алмейдамен еңбек келісімшартына қол қойды. 

Ричард Бразилияда дүниеге келіп, өзінің еңбек жолын осы елде «Санта Андре» командасы сапында бастап, одан кейін португалиялық «Жиль Висенте» сапына ауысып, ол жақта екі табысты маусым өткізген.

Ал Алмейда 2012 жылы әзірбайжандық «Карабах» сапына қосылып, қысқа мерзімнің ішінде клубтың көшбасшына айнала білді. Дәл осы клуб сапында Алмейда 216 ойында алаңға шығып, 48 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Алмейда – бес дүркін Әзірбайжан чемпионы. «Карабах» командасының Әзірбайжан чемпионатындағы және Еуропадағы қазірге дейін жеткен жетістіктері Алмейдамен тікелей байланысты.

Алмейда «Карабах» құрамында УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында дебют жасап, еурокубоктерде 30 ойында алаңға шығып, лондондық «Тотенхем» және бельгиялық «Андерлехт» қақпасына гол соқты.

Алмейда 2017 жылы Әзірбайжан азаматтығын алып, осы ұлттық құрама сапында дебют жасады. Ричард қазірге дейін Әзірбайжан құрамасы сапында 8 ойын өткізіп үлгерді.
  Пікір: 0
  0