auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Команда тыңғылықты дайындалу үстінде - Андрей Сидельников

Команда тыңғылықты дайындалу үстінде - Андрей Сидельников
Андрей Сидельников. "Ақтөбе" ФК ресми сайтынан
"Ақтөбе" командасының қақпашысы Андрей Сидельников клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында оқу-жаттығу жиыны туралы әңгімелеп берді.

- Андрей, екінші ОЖЖ қалай өтіп жатыр. Жігіттердің көңіл-күйлері қалай?

- Жиын ойдағыдай өтіп жатыр. Жаттығулар күніге екі уақыт өтуде. Команда тыңғылықты дайындалу үстінде. Команда ішіндегі микроклиматқа келер болсақ, ешқандай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Жігіттердің бәрі жұмыс жасауға дайын. Түркияда дайындық жасау үшін барлық жағдайлар жасалған – алаңдар, ауа-райы, қонақ үй. Бәріміз достасып үлгердік. Бразилиялықтар да тез сіңісіп кете алды. Бәрі жақсы.

- Биыл біздің команданың қақпа шебі мықты болып тұр. Сенен өзге Отарбаев бар. Жас қақпашылар – Тамабай мен Трофимец те жүр. Бәсекелестік қалай болып жатыр? Әріптестеріңмен қалай жұмыс жасап жатырсың?

- Аталған жігіттермен тату-тәтті жұмыс жасап жатырмыз. Ал жаттығу процесінде мейлінше зейін қойып дайындаламыз. Біз бәріміз бәсекелес бола тұра, бір-бірімізді қамшылап жүреміз, бұл барымызды салып еңбек етуге итермелейді. Біздің жаттығуда көмек көрсететін, білгенін үйрететін өте тәжірибелі бапкеріміз бар. Бапкерлік ұжым ішінде де солай.

- Бүгін ОЖЖ-ғы кезекті матч өтеді. Қарсылас – реселйік «Амкар». Ойыннан не күтесің? Команда аталған ойынға сақадай-сай ма? Бұндай ойындарда әуелі не маңызды?

- «Амкармен» болатын бүгінгі ойынға дайынбыз. Бұл жиындағы барлық қарсыстарымыз мықты деуге болады. Әрине, жеңгіміз келеді. Бірақ, ең бірінші біздің міндетіміз – ойын жүйесін бір ізге келтіру, ойын барысында бір-бірімізді тез түсінуді меңгеру. Себебі, жаттығу процесі бір бөлек, ал ойын ол бір бөлек. Бұл ойыннан пайда аламыз деп үміт етемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама