Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан құрамасына шақыртуды қуана қабылдайтын едім - Жерар Гоу

"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Қытайдағы өмірі туралы айтып берді.

Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.
0
166
25 сәуір 14:17
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында үш рет үздік сұрмерген атанған алматылық "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Қазақстан құрамасының намысын қорғауға дайын екенін айтып берді. 

29 жастағы шабуылшы бірнеме маусым "Қайраттың" намысын қорғап, клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанған болатын. 2017 жылғы маусымның соңында ол алматылық клубтан кетіп, қытайлық "Бейцзин Энтерпрайзес" сапына ауысты. 

- Жерар Қытайда қалай өмір сүріп жатырсыз? Ол жаққа үйреніп қалдыңыз ба?

- Бірінші кезекте барлық Қазақстан халқына сәлем жолдағым келеді. Тек ғана футболда емес, өмірде де сәттілік тілеймін. Қазір мен Қытайда жаңа командаммен біргемін. Барлығы көңілімнен шығып жатыр. Бұл елде карьерамды жалғастырып жатқаныма да ризамын. Қытайлықтардың менталитетіне әлі үйренісіп жатырмын. Қазақтармен қытайлардың арасында керемет айырмашылық бар деп айта алмаймын. Жалпы Қытай маған ұнады. Пекин - замануи үлкен қалалардың бірі. 

- Команда сізді қалай қабылдады ?

- Біздің команда негізі жергілікті футболшылардан құралған. Бірақ ешқандай дискомфортты сезініп жүрген жоқпын. Барлығы көңілімнен шығады. Команда басшылары мен қызметкерлері тарапынан қолдау бар. Мұның өзі футболшы үшін жақсы дүние. 

- Сіз Қытайға бара салып, гол соға бастадыңыз. Бірақ сіз "Қайраттан" кеткеннен соң ешқандай командамен оқу-жаттығу жиындарына қатыспаған едіңіз ...

- Футболды қатты сағынып қалғанмын ғой. Командаға тез бой үйретіп алдым. Сосын өзімнің сүйікті ісіммен айналыса бастадым. Менің ойымша, Қазақстан мен Ресей және Қытай біріншіліктері бір-біріне ұқсайды. Сосын тез бой үйреттім. Бұл елдерде ойнайтын қиын деңгейге бірден үйреніп алдым. Ресейдің "Краснодар" клубында өнер көрсетіп жүргенімде көп тәжірибе алдым. "Қайраттан" кейін практика жағынан біраз қиындықтар болған еді. Алайда қазір оның барлығы артта қалды. Біз кәсіпқой футболшымыз. Бізге салынған ақшаны ақтап, нәтиже көрсетуіміз керек. 

- Кейбір БАҚ сізді Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін деп жазды. Шынымен де сіз Қазақстан құрамасында ойнағыңыз келді ме?

- Иә, бұл шындық. Айтпақшы, мен қазір де бұл ойымнан айныған жоқпын. Егер мені Қазақстан құрамасына шақыртатын болса, шақыртуды қуана қабыл аламын. Ұлттық құраманың намысын қорғау - әр футболшының арманы. 

- Сондай-ақ БАҚ сіздің "Қайратта" қалғыңыз келгеніңізді жазды. Бірақ клубпен қаржылық мәселені шеше алмапсыз дейді ...

- Футболда біз кейбір нәрселерге жылдам келісетін болса, кейбір дүниелерді келісу қиын болады. Дегенмен де "Қайрат" секілді командада Алматы сияқты әдемі қалада тұрғаныма қуаныштымын. 

- Қазіргі "Қайрат" туралы не айта аласыз? Клубтың ойындарын бақылап жүретін шығарсыз.

- Қазір мен басқа клубтан өнер көрсетіп жатсам да, бұрынғы клмандамның өнерін қадалап жүремін. "Қайрат" қазір жақсы ойын көрсетіп жатыр. Команданың құрамы жақсы жасақталған. Ұжымның бапкерлер қосыны - Қазақстандағы ең мықты мамандардан құралған. 

- Сіздің орныңызға келген Уго Сильвейрудың ойынын көрдіңіз бе ?

- Иә, "Қайраттың" бірнеше ойынын көрдім. Уго - өте жақсы футболшы. Ол "Қайраттың" шабуыл шебіндегі мәселені біраз уақытқа жаба алады. 

- Қазіргі "Қайрат" сапындағы футболшылармен араласып тұрасыз ба? 

- Олармен байланысты үзбеуге тырысамын. Біз әлеуметтік желілерде хат алмасып, бір-бірімізге қоңырау шалып тұрамыз. Команда ішінде бөліну деген жоқ. Мұндай атмосфера онда ұзақ уақыт сақталады деп ойлаймын. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0
166
25 сәуір 14:17
Новости