auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" футбол клубы сапында гол соққан ең жас ойыншылар

"Астана" футбол клубы сапында гол соққан ең жас ойыншылар
"Астана" ФК
"Астана" футбол клубы ҚР кубогы жолындағы жарысты ерте аяқтады. Кеше елордалық ұжым Жетісайда "Мақтаралмен" кездесіп, 3:1 есебімен ұтылды.

Григорий Бабаян Жетісайдағы ойынға жас футболшыларды жіберді. Негізгі құрамнан ешкімді қосқан жоқ. Алайда елордалық жас таланттардың "Мақтаралдың" тәжірибелі ойыншыларына шамасы жетпеді. Ойын соңына қарай бір гол соғып, жарысты аяқтап қайтты.

"Астананың" ойындағы голын Владислав Прокопенко соқты. Нәтижесінде команда қатарында гол соққан ең жас ойыншылар тізімінде екінші орынға шықты. Ол 17 жасында (17 жас, 8 ай, 17 күн) гол соғып көзге түсті. 

Елордалық команда сапында гол соққан ең жас ойыншы – Абзал Бейсебеков. Ол 2009 жылы "Астана" жейдесін киіп алаңға шығып, мергендігімен көзге түскенде небәрі 16 жаста (16 жыл, 5 ай, 10 күн) болған.

Қазір Шымкенттің "Ордабасы" командасы сапында ойнап жүрген шабуылшы Сергей Хижниченко да "Астана" командасында гол соққан жас ойыншылардың бірі. Ол 2010 жылы "Шахтер" қақпасына гол соққанда 18 жаста (18 жыл, 9 ай, 3 күн) болған екен.

"Астанада" ойнап жүргенде гол соғып, команда тарихында қалған ойыншылардың бірі – Дамир Даутов. Ол 2009 жылы гол соққанда 19 жаста (19 жыл, 4 ай, 12 күн) болған. Қорғаушы қазір "Ордабасыда" ойнап жүр.

Гол соққан ең жас ойыншылар бестігін Патрик Твумаси түйіндейді. Ол "Астанаға" алғаш 2013 жылы Юрмаланың "Спартак" командасынан уақытша ойнауға ауысып келді. Қыркүйек айында алғашқы голын соқты. Ол кезде ганалық ойыншы 19 жаста (19 жыл, 4 ай, 5 күн) еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама