auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ҚФФ УЕФА тарапынан "Ертіске" салынған жазаға қатысты пікір білдірді

ҚФФ УЕФА тарапынан "Ертіске" салынған жазаға қатысты пікір білдірді
Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификациялау) және аттестациялау депаратаментінің директоры Ержан Мұсабеков УЕФА тарапынан "Ертіс" (Павлодар) футбол клубына қатысты қабылданған шешімді түсінідіріп берді.

- 2017 жылдың 30 маусым күні "Ертіс" футбол клубы қаржылық тексеріс кезінде УЕФА әкімшілігіне 2017 жылдың 31 наурызына дейінгі кредиторлық қарыз жөнінде қаржылық мәліметті берді. 2017 жылдың 31 наурыз күні "Ертіс" футбол клубының әлеуметтік және салық органдары алдында қарызы (УЕФА ережесінің 50-бабы: Сертификация маусымында 31 наурызға дейін әлеуметтік/салық органдары алдында кредиторлық қарыз) болды. Бұл кредиторлық қарыз бақылау мерзімі, яғни 2017 жылдың 31 наурызынан кейін толық төленген. Алайда, УЕФА талабына сәйкес, қаржылық критерий алдындағы міндеттерді мерзімінде орындамау шешуші фактор саналады.

УЕФА тарапынан лицензия талабын орындамағаны үшін санкция қолданылды: 2017/2018 маусымда Еуропа Лигасына қатысқаны үшін "Ертіс" футбол клубына берілуі тиіс төлемақы ұсталынды. Сонымен қатар, "Ертіс" футбол клубы қатарынан үш жыл УЕФА-ның қаржылық комитетінің бақылауында болады. Сынақ мерзімі "Ертіс" футбол клубын УЕФА аясындағы турнирлерге қатысуға рұқсат береді. Алайда, қаржылық критерий бойынша заң бұзушылық қайталанған жағдайда санкция күшіне енеді.

Қазақстан футбол федерациясы өз тарапынан "Ертіс" футбол клубына қатысты қабылданған УЕФА-ның дисциплинарлық санкциясын жеңілдетуге барлық шараларды қолданды. Қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификациялау) және аттестациялау депаратаменті УЕФА-ның 2018/2019 жылғы маусымының жарыстарына қатысатын клубтардың қаржылық міндеттерін мерзімінде орындауды бақылауда ұстап отыр. Ережеге сәйкес келмейтін клубтар УЕФА-ның осы маусымдағы жарыстарына жіберілмейді

Подробнее: http://kff.kz/news/view/1523943853-uefa-tarapynan-ertis-futbol-klubyna-kabyldangan-sheshimge-katysty-kf-pikiri
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на kff.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама