auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Премьер-лига. "Астана" мен "Ордабасының" ұпайы түгел

Премьер-лига. "Астана" мен "Ордабасының" ұпайы түгел
Ордабасы ФК
Футболдан ел премьер-лигасының IV тур ойындары аяқталды. "Астана" мен "Ордабасы" командалары ұпайдан шашау шығармай келеді.

Бақтиердің бағы жанған күн



IV турда Павлодарда "Ертіс" пен "Астана" командалары кездесті. Алаң иелері елордалық командадан ойсырай ұтылады деп жанкүйерлер күте қоймаған. Алайда Григорий Бабаян жаттықтыратын "Астананың" айбыны асты. Алаң иелері қақпасына 6 гол соқты. Бақтиер Зайнутдинов хет-трик жасаса, Роман Мұртазаев, Юрий Перцух пен Марин Томасов бір-бір голдан соқты.

"Ертіс" командасы екінші таймда ес жия алмады. Ойындағы 5 голды да екінші таймда соқтырып алды. Ал ойынның аяқталуына бірер минут қалғанда Эдди Эрнандес алаң иелерінің ойындағы бір голын соғып, кездесуді аяқтады.



Павлодарлық команда өз алаңында алғаш рет қақпаларына 6 гол соқтырыпты. Осыған дейін 4 голдан артық соқтырмай келген екен.

"Астана" V турда "Қайратпен" кездеседі. Ойын 14 сәуір күні Астанада өтеді. "Ертіс" болса Қызылордада "Қайсармен" ойнайды.

"Ордабасы" "Астанадан" қалыспай келеді



Төрт ойында да ұпайы түгел команданың бірі – "Ордабасы". Шымкенттік ұжым бүгін өз алаңында "Ақтөбені" ұтты. Ойындағы алғашқы голды Темірлан Ерланов соқты. Бұрыштамадан асырылған допты "Ақтөбе" қақпашысы Рамиль Нурмухамедов сәтсіз қайтарып, Ерлан осы бір мүмкіндікті сәтті пайдалана білді. Ал ойындағы екінші гол да көп күттірмеді. Тимур Досмағамбетовтің алыстан қия тепкен добы "Ақтөбе" командасы қақпасында тулады.

Бірінші тайм аяқталар тұста қонақтар сапынан Хрвое Миличевич екі бірдей қорғаушыны алдап өтіп, гол соқты. Екінші таймда шымкенттік клуб сапынан Иван Нагаев белсенді. Ал 81 минутта бас төреші Марат Ысқақов Саша Марьяновичтің голын есепке алған жоқ. Ойыншы оффсайдта қалды.



"Ордабасы" V турда Оралда "Ақжайықпен" ойнайды. Ал "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылмен" кездеседі.

Қостанайда соғылған тамаша голдар



Осы аптада әлем футболы жанкүйерлері Криштиану Роналду мен Аарон Рэмзи соққан голдарға тамсанды. Қазақстан премьер-лигасының IV турында да тамаша голдар соғылды. Әсіресе "Тобыл" мен "Атырау" ойынындағы голдарды ерекше атап өтуге болады.

Ойында "Тобыл" 3:2 есебімен жеңіске жетті. Антон Шиндер есеп ашса, Марат Хайруллин таразы басын теңестірді. Осы тұста Мараттың тамаша голын ерекше атауға болады. Ол бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, өкшесімен қия теуіп гол соқты. 40 минутта Джозеф Нейн "Атырауды" алға шығарды.

Екінші таймда алаң иелері есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске бастар жолды таба білді. 64 минутта Антон Шиндер дубль жасады. Бұл гол да ерекше соғылды. Азат Нұрғалиевтің әуелете берген добына Танат Нөсербаев бірінші жетіп, командаласына баспен пас асырды. Антон құлай барып өкшесімен допты қақпаға тура бағыттап, гол соқты. Араға 4 минут сала Джаба Канкава "Тобылға" жеңіс сыйлаған голды соқты.



Жаңа маусымда "Атырау" әлі ұпай иеленген жоқ. Төрт ойында да ұтылды.

V турда "Тобыл" "Ақтөбеде" қонақта болса, "Атырау" өз алаңында "Шахтермен" ойнайды.

"Қызылжар" да ұпайсыз келеді



Әлі бірде-бір ұпай иемденбеген командалардың бірі – "Қызылжар". IV турда Қарағандының "Шахте"р командасына есе жіберді.

Теміртауда өткен ойында "кеншілер" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапынан Дамир Кояшевич пен Александр Мигунов гол соқса, қонақтар қатарынан соңғы минутта Братислав Пуношивац бір голды еншісіне жазды. Бір қызығы, петропавлдық команда төрт ойында да қарсыластарына 2:1 есебімен ұтылды.



"Жетісудің" алғашқы жеңісі



Талдықорғанда "Жетісу" Қызылорданың "Қайсарын" ұтты. Ойында алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды 24 минутта Рауль Джалилов соқты.



"Жетісу" келесі турда "Қызылжармен" кездеседі.

"Қайрат" Алматыда "Ақжайыққа" айқын басымдығын танытты



Алматыда өткен "Қайрат" пен "Ақжайық" арасындағы ойында алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Исаэль мен Уго Сильвейра гол соқса, екінші таймда бір голды Георгий Жуков өз атына жазды.



Футболдан ел премьер-лигасының V тур ойындары 14 сәуір күні өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама