auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Челсиде" бақылауда өткен қорғаушы "Қайрат" сапына ауысты

"Челсиде" бақылауда өткен қорғаушы "Қайрат" сапына ауысты
Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.
Ганалық қорғаушы Гидеон Баа "Қайратпен" келісімшарт жасады. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Баа "Қайрат" клубының бірінші лигада өнер көрсететін "Қайрат А" командасында өнер көрсетеді. Өткен қысқа ол "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарынан бақылаудан өткен болатын. 

Бааның соңғы клубы америкалық "Нью-Йорк Ред Буллс". АҚШ біріншілігінде ол тоғыз кездесуге қатысып, екі гол соқты. Бірақ 2017 жылы ганалық қорғаушы бірінші команданың негізгі құрамының тізіміне ене алмай, екінші құрамасы сапында өнер көрсетті. 

АҚШ-қа ауысарға дейін Баа финляндиялық ХИК сапында өнер көрсетті. Бұл клубтың сапында ол 2015 жылы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық "Астана" (0:0, 3:4) клубынан жеңіліп қалды. Финляндияда ол сондай-ақ "Хонк" клубының, ал өз отанында "Асанте Котоко" клубының намысын қорғаған. 

Бааның алаңдағы негізгі орны - орталық қорғаушы. Ол сондай-ақ қорғаныстың сол қапталында өнер көрсете алады. ХИК клубымен бірге ол ел біріншілі мен Финляндия кубогі және Финлияндия лигасының кубогін жеңіп, 2014/15 маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. 2013 жылы Баа Финляндия біріншілігінің үздік қорғаушысы атанды. 

2015 жылы Баа Гана құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Ол Канада құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде (1:1) 31-минут ойнады. 

Айта кетейік, Баа үлкен футболға Баа ерекже жолмен келген. 2007 жылы ол 16 жасында Ганада рейтингі ең жоғары болған Metro MTN Sports Academy, реалити-шоуда жеңімпаз атанған. Бұл сында Баа 32 мың қатысушының арасында топ жарды. Бірінші орын үшін оған ұйымдастырушылар бес мың доллар, жаңа иномарка және 2010 жылғы әлем чемпионатының билеттерін берген. Сондай-ақ ол "Челси" академиясынан тәжірибе алуға мүмкіндік алған. 

Бірақ бұл тәжірибен кейін Баа Ганаға қайта оралды. Себебі, "Челси" құжаттарға байланысты футболшының трансферін ұйымдастыра алмады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама