auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Премьер-лига. Төрт команданың ұпайы түгел

Премьер-лига. Төрт команданың ұпайы түгел
"Қайрат" ФК
Футболдан ел премьер-лигасының ІІ тур ойындары аяқталды. Бүгін өткен кездесулер қорытындысы бойынша төрт команданың ұпай түгел келеді.

Өткен маусымда ел чемпионы атанған "Астана" Талдықорғанда "Жетісуді" 2:0 есебімен ұтты. Елордалық команда сапынан Патрик Твумаси мен Алексей Щеткин гол соқты.

"Қайрат" өз алаңында "Атыраудан" айласын асырды. Алматылық ұжым да 2:0 есебімен жеңіске жетті. Уго Сильвейра мен Ян Вороговский бір-бір голдан соқты.

Шымкентте "Ордабасы" Петропавлдың "Қызылжар" клубын ұтты. Бірінші таймда қонақтар есепте бір доп басымдығымен ұтып шыққан. Екінші таймда алаң иелері сапынан Абдуллай Диакате пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал 66 минутта Георгий Попхадзенің автоголы алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Екі турдағы ойындарын да өз алаңында өткізген "Ертістің" де ұпайы түгел. Павлодарлық команда бұл турда "Ақтөбенің" жастарын 2:1 есебімен ұтты. Бірінші турда сенсация жасаған "Ақтөбе" командасы "Ертіс" қақпасына бірінші болып гол соққан. Асланбек Кәкімовтің пенальтиден соққан голына 15 минутта Илья Калинин жауап қайырды. Ал 35 минутта қонақтар қақпасына пенальти белгіленді. Фуад Салами 11 метрден соққы жасауда шатасқан жоқ.

Қостанайдың "Тобыл" командасы өз алаңында Қарағандының "Шахтер" клубына ұтылды. 57 минутта Артурас Жулпа допты жайсыз қайтарып, өз қақпасына енгізіп алды.

Жаңа маусымдағы алғашқы тең есеп Қызылордада тіркелді. "Қайсар" Оралдың "Ақжайығымен" 1:1 есебімен тең түсті. Алаң иелері сапынан Матиас Курьор, қонақтар қатарынан Еркебұлан Нұрғалиев гол соқты.



 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама