auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайрат" командасы жаңа маусым алдында жанкүйерлерімен жүздесті

"Қайрат" командасы жаңа маусым алдында жанкүйерлерімен жүздесті
Фото Өмірбек Сансызбай
Алматының "Қайрат" футбол клубы жаңа маусым алдында жанкүйерлерімен жүздесіп, ойыншыларын таныстырды. Салтанатты шараға команданың ардагер ойыншылары да келіп, ақ батасын берді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиыны өтіп, бас жаттықтырушы мен ойыншылар тілшілер сұрақтарына жауап берді.

Көктемнің алғашқы күніндегі мерекелік шара қарсаңында команда атынан ардагер ойыншылар мен демеушілерге біржылдық абонемент табысталды.



Келген жанкүйерлер футболшылармен суретке түсіп, естелікке қолтаңба алды. Команда жайлы деректі фильм көрсетілді.



Команданың алдағы маусымда киетін спорттық киім үлгілері де таныстырылды.



- Жаңа маусым жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын. Жарқын жеңіске жететінімізге уәде бермесем де, кәсіби тұрғыда бар күшімізді сала алатынымызға сенемін. Біз – бір отбасымыз. Шынын айтсақ, алдағы маусымға екі мақсат қойып отырмыз. Оның біріншісі – ел чемпионаты. Қазір бізде чемпион атануға зор мүмкіндік бар. Екінші мақсатымыз – Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. Осы мақсатымызға жетуге күш саламыз, - деді команданың бас жаттықтырушысы Карлос Феррер.



- Маусым алдындағы дайындықты жақсы өткіздік, жақсы дайындалдық. Жоғары нәтиже көрсетуге дайынбыз. Жанкүйерлерді жеңісімізбен әр қуантуға тырысамыз, - деді команда капитаны Бауыржан Исламхан.



Алматылық клуб сапын осы қыста толықтырған футболшылардың бірі – Гай Ассулин. Кезінде "Барселона", "Манчестер Сити" секілді командалардың назарына іліккен ойыншы мансабын Қайратта жалғастырады.



- "Қайрат" секілді үлкен командаға келгеніме қуаныштымын. Келгеніме көп болмаса да, өзі үйімдей сезініп үлгердім. Жетістікке жету үшін бар күшімді саламын, - деді жартылай қорғаушы.



Команда ойыншылары жанкүйерлерінің алдында ашық жаттығу өткізіп, шеберліктерін көрсетті. Бас жаттықтырушы Карлос Феррер алдағы маусымның сәтті боларын айтып, жиналған жанкүйерлерге алғысын білдірді.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама