Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Астана" және "Шаньдун Лунэн" командалары арасындағы кездесудің тікелей трансляциясы
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Бүгін, 8-ақпан күні елордалық "Астана" клубы қытайлық "Шаньдун Лунэн" командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz порталы.
Ойын БАӘ-де өтеді. Кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфирде кездесуді елордалық клубтың баспасөз қызметі көрсетеді.
Өткен маусымда "Шаньдун Лунэн" Қытай біріншілігінде 16 клубтың ішінен алтыншы орын алған болатын. Бұл команданың сапында Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Диего Тарделли, 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің қатысушысы Грациано Пелле және ағылшындық "Ньюкасл" клубының бұрынғы шабуылшысы Паписс Сиссе өнер көрсетеді.
Айта кетейік, "Астана" БАӘ еліндегі жаттығу жұмыстары барысында тағы бір қытайлық клуб "Ляонин Хувинмен" кездесіп, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жарнама