Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Болгария құрамасының бұрынғы қорғаушысы қазақстандық клубқа ауысты

Бұған дейін ол софиялық "Славия" клубы сапында ойнаған.


Михаил Венков (алдыңғы шепте). Сурет: 7dnifutbol.bg
Михаил Венков (алдыңғы шепте). Сурет: 7dnifutbol.bg
34 жастағы болгариялық қорғаушы Михаил Венков "Қызыл-Жар СК" командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Қызыл-Жар СК" командасының бас бапкері Никола Спасов бұл қорғаушыны болгариялық "Черно Море" клубында жаттықтырған. Сондықтан жақсы біледі. Қорғаушы бұған дейін петропавлдық клубпен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, бүгін, 5 ақпан күні келісімшарт жасапты. Шартнама 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. 

Венков София футбол мектебінің түлегі. Үлкен футболдағы алғашқы келісімшартын "Литекс" клубымен жасаған. Содан соң "Локомотив" (Пловдив), ЦСКА (София), "Черно Море" (Варна) секіоді клубтардың намысын қорғаған. Өткен маусымда ол софиялық "Славия" командасында өнер көрсетті. 

2014 жылы жанкүйерлердің пікірі бойынша Венков "Черно Море" клубының үздік ойыншысы атанған. Оның карьерасындағы ең үздік маусым варналық клуб сапында өткен. 

Болгария құрамасы қорғаушы 2004 және 2008 жылдар аралығында тұрақты түрде шақырту алған. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнаған. 








  Пікір: 0
  0