Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Уругвайлық шабуылшы Уго Сильвейра карьерасын алматылық "Қайрат" сапында жалғастыратын болды, деп хабарлайды LaRed 21 баслымы.
Уругвайлық басылымның мәліметі бойынша, 24 жастағы футболшымен қазақстандық команда бір жылдық келісімшарт жасайды. Егер бәрі жақсы болатын болса, алматылық клуб шабуылшымен келісімшартты ұзартуы мүмкін.
"Қайрат" сапына Сильвейра "Насьональ" (Монтевидео) клубынан ауысып келеді. Бір қызығы, бұл күндері дәл осы клубпен алматылық клубтың бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоу келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ ивуарлық шабуылшы бұл клубтың сапына әлі қосылған жоқ.
Сильвейра үшін "Қайрат" бірінші шет елдік клуб болмақ. "Насьональ" командасы үшін шабуылшы жалпы 46 кездесу өткізіп, 10 гол соққан. Оның сегіз голын ішкі біріншілікте салса, екі голды халықаралық турнирлерде соқты.
Жарнама