auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мен Қазақстан алдында қарыздармын!". Лулаку "Астанадан" кеткенін хабарлады

"Мен Қазақстан алдында қарыздармын!". Лулаку "Астанадан" кеткенін хабарлады
Аздрен Лулаку. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Албания құрамасының шабуылшысы Аздрен Лулаку елордалық "Астана" клубынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Елордалық клуб сапына Лулаку 2017 жылдың желтоқсан айында ауысып, екі жылдық келісімшарт жасаған еді. Өткен маусымның бірінші бөлігінде албаниялық шабуылшы Қазақстан Премьер-лигасында 17 кездесуге қатысып, 1 гол соқты. Жазда "Астана" шабуылшыны "Тобылға" жалға берді. Қостанайлық клуб сапында ол 13 кездесуге қатысып, қанжығасын майлай алмады. 

"Бүгін менің "Астанамен" жасаған сапарым аяқталады. Барлық жанкүйерлерге, футболшыларға және "Астана" сапында жұмыс істейтін  қызметкерлерге алғыс айтамын. Барлықтарыңызға сәттілік. Мен Қазақстан алдында қарыздармын!", - деп жазды Лулаку өзінің Instagram парақшасында. 

"Астана" сапына Лулаку Румыния біріншілігінің үздік сұрмергені ретінде ауысып келді. Румыния біріншілігінде ол "Газ Метан" және "КСМС Яссы" секілді клубтардың намысын қорғады. Сонымен қатар албаниялық шабуылшы Италия біріншілігінде де өнер көрсеткен. 

2016 жылы Лулаку Албания құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Жалпы Ұлттық құрама сапында алты кездесуге қатысқан.  Оның бесеуін ол 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткізді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама