Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Стойловтың "Астана" клубымен қанша жылға келісімшарт жасағаны белгілі болды

Болгариялық маман 8 қаңтар күні "Астанамен" жаңа келісімшарт жасады.


Станимир Стойлов. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Станимир Стойлов. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" клубы болгариялық бапкер Станимир Стойловпен қанша уақытқа келісімшарт жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

8 қаңтар күні "Астана" мен Стойлов келісімге келіп, жаңа шартнамаға қол қойғаны хабарланған еді. Осы жұма күні бапкер командамен бірге БАӘ аттанып, Еуропа лигасындағы 1/16 финалына дайындалатын болады. 

Стойловтың елордалық клубпен жаңа келісімшарты 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Яғни, бапкер клубпен келісімшартын бір жылға созған. 

50 жастағы маман "Астана" тізгінін 2014 жылы ұстаған болатын. Бірінші маусымда-ақ ол командамен Қазақстан чемпионы атанды. Кейіннен бұл атақты ол елордалық клубпен қатарынан үш рет жеңіп алды. 2015 жылы Стойловтың бастамасымен "Астана" қазақстандық клубтар арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

2016 және 2017 жылдары "Астана" Стойловпен бірге Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биыл елордалық клуб Қазақстан тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Енді бұл кезеңде оның қарсыласы португалиялық "Спортинг" болады.

Айта кетейік, желтоқсан айында аяқталатын ескі келісімшарты бойынша Стойлов "Астана" сапында айына 100 мың доллар алған. Ал 2014 жылы ол айына 70 мың доллармен келісімшартқа қол қойған.

Болгариялық "Тема Спорт" басылымының мәліметі бойынша, жаңа келісімшарт бойынша Стойлов жылына 1,2 миллион еуро алады екен. 





  Пікір: 0
  0