Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана" шабуылшысы Кабанангаға ағылшындық "Лидс" қызығушылық білдіріп отыр

Шабуылшының өзі бірақ "Андерлехтпен" келіссөз жүргізіп жатыр.


Жуниор Кабананга. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Жуниор Кабананга. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Танымал Goal.com порталының тілшісі Лукас Браун Vesti.kz порталының тілшісіне елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабанангаға ағылшындық "Лидс Юнайтед" клубының қызығушылық білдіріп отырғанын айтып берді. 

"Лидс" командасы "Астана" шабуылшысы Жуниор Кабананганы сатып алуды көздеп отыр", - деді Браун. 

Бұған дейін БАҚ конголық шабуылшының Англияның чемпионшибында өнер көрсететін "Лидс Юнайтед" клубына ауысуы мүмкін екені туралы жазған болатын. 

Lalibre.be порталының тілшісі Кристоф Франкенің мәліметі бойынша, Кабананга өткен аптада бельгиялық "Андерлехт" клубының басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізген. 

Өткен маусымда Кабананга Қазақстан Премьер-лигасында 19 гол соғып, ел біріншілігінде сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасты. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасында бір гол және Еуропа лигасында үш гол соқты. 

"Астана" сапында бұл шабуылшы 2015 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Елордалық клуб үшін ол жалпы 95 кездесу өткізіп, 35 гол соғып 9 рет нәтижелі пас берген. 








  Пікір: 0
  0