auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайсар" оқу-жаттығу жиынына Анталияға аттанды

"Қайсар" оқу-жаттығу жиынына Анталияға аттанды
Премьер-лига клубтарынан бірінші болып маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын Қызылорданың «Қайсары» бастады. Бүгін таңәлекеуіммен Стойчо Младенов шәкірттері Түркияның Анталиясына аттанып кетті.

Жерорта теңізінің жағалауында қаңтардың 26-сына дейін болатын Сыр командасы жиын барысында екі жолдастық-бақылау кездесу өткізеді. Бірінші матч 22 қаңтарға жоспарланған. Қарсыласы – Румынияның «Сепси» клубы. Қазір Румынияда қысқы үзіліс болғандықтан олар да дайындықтарын Түркияда жүргізеді. Жалпы, «Сепси» 22 турдан кейін ел чемпионатында 14 команданың ішінде 13-ші орында келеді. Одан кейін 25 қаңтарда қызылордалықтар Болгарияның «Дунав» командасымен кездесуі тиіс. Оларда да ақпан айының ортасына дейін үзіліс.

«Сепси» секілді «Дунав» та өз чемпионаттарында 14 команданың ішінде 13-орында келеді. Бапкерлер алқасы Анталияға өткен маусымнан қалған 19 ойыншыны және маусым аяқталысымен келісімшартқа отырған экс-«оқжетпестік» Александр Марочкинді алып кетті. Сондай-ақ, Түркияда «Қайсарға» Таңат Нөсербаев, Қайрат Әшірбеков, Әлішер Сүлей, Бауыржан Байтана, Тимур Досмағамбетов, Марк Гурман, Неманья Миюшкович (Черногория), Душан Савич (Македония) сынды футболшылар да қосылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, бапкерлер алқасы Қазақстан Премьер-лигасында бұрын-соңды доп теппеген бірқатар легионерлерді де тексеріп көрмек.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанған «Қайсар» футболшылары:

Қақпашылар: Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдин.

Қорғаушылар: Дмитрий Евстигнеев, Александр Марочкин, Ілияс Әмірсейтов, Абдель Азиз Ламанж (Франция), Иван Граф (Хорватия), Валентин Чуреев, Елжас Сарбай.

Жартылай қорғаушылар: Мақсат Байжанов, Валерий Коробкин, Думан Нәрзілдаев, Джон Банколе Камара (Сьерра-Льоне), Матиас Курьор (Мартиника), Джа Джедже (Франция), Айбол Жақаев.

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Милан Бойович (Сербия), Өркен Маxан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама