Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Самат Смақов карьерасын аяқтап, "Ақтөбе" тізгінін ұстайды

Смақовқа жаңа қызметінде Ұлықбек Асанбаев көмектесетін болады.


Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды.
Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды.
Бүгін, 4 қаңтар күні Ақтөбе қаласында жергілікті клубтың жаңа бас директоры көпшілікке таныстырылады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Клубтың жаңа бас директоры карьерасын аяқтап жатқан Самат Смақов болады. "Ақтөбенің" спорттық директоры болып Ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы болған Ұлықбек Асанбаев болады. Ал клубтың бұрынғы басшысы Маұсат Түймалиев қызметінен кетеді. 

"Ақтөбе" клубының басшылығы ауысатыны туралы желтоқсан айының соңында белгілі болған еді. Бұған дейін карьерасын жалғастырамын деген Смақов енді 39 жасында карьерасын аяқтап, жаңа қызметке тағайындалады. 

Смақовтың соңғы клубы шымкенттік "Ордабасы" клубы болған еді. Оған дейін ол "Елімай" (Семей), "Қайрат" (Алматы), "Ертіс" (Павлодар), "Жеңіс" (Астана) және "Ақтөбе" клубытары сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар ол Ресей біріншілігінде "Ростсельшам" түркиялық "Ризеспорт" клубтарының сапында ойнады. 

Қазақстан құрамасы сапында ол 76 кездесу өткізіп, екі гол соқты. Смақов Қазақстан құрамасы сапында ең көп ойын өткізген футболшы. 

Ұлықбек Асанбаев туралы айтатын болсақ, ташкенттік "Пахтакор", шымкенттік "Ордабасы", "Оқжетпес", "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарының бұрынғы футболшысы карьерасын аяқтағаннан кейін қарағандылық "Шахтер" клубының спорттық директоры, содан соң "Ордабасының" техникалық директоры болды. Қазақстан құрамасы сапында алты кездесу өткізді. 




  Пікір: 0
  0