Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана" шабуылшысы Кабананга қыста италиялық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Конголық шабуылшы биыл Қазақстан біріншілігінің сұрмергендер тізімінде екінші орын алды.


Жуниор Кабананга. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды
Жуниор Кабананга. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды
Елордалық "Астана" клубы мен Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Жуниор Кабананга Италияның А сериясында өнер көрсететін "Кротоне" клубының сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Tuttomercatoweb.com порталы хабарлап отыр.

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, италиялық команданың бас бапкері ауысқанымен, клубтың трансферлік жоспарлары өзгеріссіз қалған. "Кротоне" елордалық клубтың шабуылшысына жазға қызығушылық танытқан еді. Бірақ ол кезде екі команда келісімге келе алмады. 

Италиялық клубтың жаңа бас бапкері Вальтер Дзенга Кабананганы қысқы трансферлік уақытта сатып алғысы келеді. Қазіргі уақытта "Кротоне" 18 турдан кейін 15 ұпаймен 18 орында келе жатыр. 

Кабананга "Астана" сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 28 жастағы шабуылшы биыл 19 гол соғып, ел біріншілігінің сұрмергендер қатарында екінші орынға жайғасты. 




  Пікір: 0
  0