Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Агент "Астана" шабуылшысы Патрик Твумасидің мәскеулік "Спартак" сапына ауысуы мүмкін екенін растады

Твумасиге сондай-ақ "Штутгарт" пен "Селтик" қызығушылық білдіріп отыр.


Патрик Твумаси. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Патрик Твумаси. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" футбол клубының шабуылшысы Патрик Твумаси карьерасын мәскеулік "Спартак" клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы мәліметті Sportsdaily.ru порталына футболшының агенті Ненад Крульяц айтты. 

Бұған дейін "Спартактың" Твумасиді қыста мәскеулік клубтан кетуі мүмкін деген шабуылшы Квинси Проместің орнын басатын футболшы ретінде қарастырып жатқаны туралы жазылған еді

"Твумаси "Спартакқа" ауысады дейсіз бе? Расымен ол мәскеулік клубқа ауысуы мүмкін. Бірақ басқа ақпарат айта алмаймын", - дейді Крульяц. 

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні "Спартактың" директорлар кеңесінің төрағасы Наиль Измайлов мәскеулік клубтың Твумасиге қызығышылық білдіріп отырған жоқ екенін айтты. 

"Спартактан" бөлек Твумасиге тағы бірнеше клуб қызығып отыр. Олардың қатарында шотландиялық "Селтик" пен германиялық "Штутгарт" клубы да бары. Одан бөлек бірнеше түркиялық клуб та шабуылшыны сатып алғысы келеді екен.

Еске салайық, биыл шілде айында Твумаси "Астана" клубымен келісімшартын ұзартқан еді. Енді оның "Астанамен" 2019 жылға дейінгі шартнамасы бар.


  Пікір: 0
  0