Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мен Қожағаппанов немесе Әубәкіров үшін ойнамаймын ғой. Мен отаным үшін ойнаймын. Қонысбаев футбол федерациясын сынап тастады

Жартылай қорғаушы өз қаражатынан емделіп жатыр.


Футболдан Қазақстан мен Қытай (1:0) құрамалары арасындағы кездесуде ауыр жарақат алған жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев KazFootball.kz порталына берген сұқбатында Қазақстан футбол федерациясын сынға алды. 

Еске салайық, Қонысбаев әуедегі допқа талас кезінде алаңға ыңғайсыз қонып, аяғын морт сындырып алды. Содан соң футболшыға бірнеше ота жасатты. Жуырда Ұлан Германия жерінде тағы да бір ота жасатты. 

- Ұлан, жарақатыңыздан кейін сізге бірінші отаны Қытайда өткізген еді. Қалай өтті?

- Иә, ойыннан кейін бірден ота жасатты. Далян университетінің емханасында екі апта жаттым. Егер дәлірек айтатын болсақ, мен Қытайда 7 маусым мен 22 маусым аралығында болдым. Ал 22 маусым күні римнің Villa Stuart емханасына ауыстырды. Ол жақта стафилококк деген инфекция тауып алды. Содан соң тағы бір ота жасатуға тура келді. Ота 23 маусым күні жасалды. Сөйтіп Римдегі емханада тамыз айынығ соңына дейін жаттым. Қыркүйек айының басында Қазақстан келдім. Ал қыркүйектің соңында Римге қайта қалыпқа келу үшін бардым. 

- Отаның өз есебіңізден жасаттыңыз ба?

- Ол кезде барлық шығында Қазақстан футбол федерациясы көтерген. Желтоқсан айында Римге қайта екінші рет қалыпқа келу жұмыстарын өткізу үшін бару керек едім. Бірақ ҚФФ өкілдері федерацияға жаңа басшы келгенін және менің емдерімді ары қарай төлемейтінін айтты. 

- Сіз үшін бұл күтпеген жаңалық болған шығар ...

- Тіпті айтуға сөзім жоқ. Басшылардың ауысуы маған не қатысы бар. Мен Қожағаппанов немесе Әубәкіров үшін ойнаймын ғой. Мен отаным үшін ойнаймын. 



- Демек Римге екінші рет бармадыңыз ғой, иә?

- Бардым. Бірақ өз есебіммен. Екінші рет қалыпқа келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсан айында өткіздім. Ал үшінші рет 2017 жылдың сәуір айында өткіздім. Еуропада барлығы қымбат. Сондықтан көп шығындалып жатырмын. Өкінішке қарай, Қазақстанда спорт медицинасы қарқынды дамымаған. Әйтпесе, елімізде емделер едім. 

- Соңғы отаңыз туралы айтып берсеңіз ...

- Соңғы рет отаны 28 қараша күні Мюнхэндегі ECOM емханасында өтті. Тағы да тобығыма жасалды. Дәрігерлердің болжамы бойынша, қаңтар айынан бастап команда сапында жаттығу өткізе алады екенмін. 

- Осы уақытқа дейін ҚФФ тарапынан сізге ешкім хабарласпады ма?

- Жоқ. Тіпті ешкім қоңырау да шалмады. Ақшасы құрып кетсін. Бірақ бір қоңырау шалып, жігерлендіріп қойса болады ғой. Мен өз ауламда жүріп жарақат алған жоқпын ғой. Оның үстіне кез-келген футболшы үшін мұндай ауыр жарақаттан айығу психиологиялық тұрғыдан оңай емес. Жарақат кезінде басымнан өткізген жағдайды жауыма да тілемес едім. Федерация тарапынан мұндай қолдау және медициналық кепілдік болмаса, енді Ұлттық құрама үшін ешкім ойнамайды. Өйткені, көптеген футболшылар үшін бұл негізгі табыс көзін. Барлығының да отбасысы бар. Осы уақытқа дейін уағдаласқан жалақыны үнемі төлеп отырған "Астана" клубына алғыс айтым келеді. 




  Пікір: 1
  0  

Пікірлер

 
 
Алмас Карашбай 6 желтоқсан 14:58
Мәртебе: Дублёр
Рейтинг: 111
Ал, Ұлан бауырым! Тезірек сауығып, қатарға қосыл!