auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Штутгарт" елордалық "Астананың" шабуылшысы Твумасиге көз тігіп отыр

"Штутгарт" елордалық "Астананың" шабуылшысы Твумасиге көз тігіп отыр
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды
Германия Бундеслигасында өнер көрсететін "Штутгарт" клубы елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Патрик Твумасиді сатып алуға ниетті. Бұл туралы kickgh.com порталы хабарлап отыр. 

"23 жастағы "Астана" мен Гана құрамасының шабуылшысы Патрик Твумаси қысқы трансферлік ауысымда "Штутгарттың" басты нысанына айналды. Неміс клубының скауттары Қазақстан біріншілігінде және Еуропа лигасында Твумасидің ойынын бақылады. 

Ол "Астана" сапында жақсы өнер көрсетті. Қазақстан біріншілігінде 13 гол соғып, сұрмергендер арасында екінші орынға жайғасты. 

Сондай-ақ ганалық шабуылшы елордалық клуб сапында Еуропа лигасында төрт гол соқты. 

Твумаси "Астана" сапында өткен маусымның үздік ойыншысы атанды. Сонымен қатар басқа да жеке марапаттарға ие болды", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Твумасиге Украина, Шотландия және Түркия біріншіліктерінде өнер көрсететін клубтар қызығушылық білдіріп отырғанын жазған болатын.

23 жастағы Твумаси бұл маусымда Еуропа лигасында бес ойынға қатысып, төрт гол соқты. Ал Чемпиондар лигасында алты ойынға қатысып, бес гол соққан.

"Астана" сапында ганалық шабуылшы 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы осы уақытқа дейін ол ел біріншілігінде 108 ойынға қатысып, 40 рет көзге түсті.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама