auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандықтар VS легионерлер – Кім қанша гол соқты?

Қазақстандықтар VS легионерлер – Кім қанша гол соқты?
Әр маусымның соңында өткенге көз жүгіртіп, салыстырмалы сараптамаларды жүргізетін әдетіміз ғой. Бүгінгі тақырыбымызды отандық футболшылар мен легионерлердің голдарына арнадық. Sportsffa.kz порталы назарларыңызға кімнің көп гол соққанын ұсынып отыр. 

Биыл Қазақстан чемпионатында барлығы 488 гол соғылған екен. Яғни, әр турда алты ойын деп алар болсақ, үш айналымдық 33 турда барлығы 198 матч өтіп, әр кездесуде орташа есеппен 2,5 голдан соғылып отырған. Голды көп соққан команда – «Қайрат». Алматылықтар 75 рет қарсылас қақпасын тура көздеген.

Екінші орында 74 голмен ел чемпионы «Астана» тұр. Шымкенттің «Ордабасы» командасы 44 голмен үздік үштікте. Ең аз гол соққан – «Оқжетпес». Көкшетаулықтар 33 ойында небәрі 28 гол соғыпты. «Тараз» бен «Ақжайық» «көкшеліктерден» бір ғана голға артық соққан. Ал енді қазақстандықтар мен легионерлердің көрсеткіштерін салыстырайық. 488 голдың 289-ын өз еншісіне легионерлер жазған. 183 голды өзіміздің отандастар соқса, 16 гол хаттамада автогол ретінде тіркеліпті. 

 

Клубтардағы жағдайларды жазайық. «Ордабасы», «Тобыл» және «Оқжетпесте» ғана отандастарымыз легионерлерге қарағанда артық соғыпты. Мәселен, шымкенттік клуб 33 турда 44 гол соқса, соның 25-і қазақстандықтардың еншісіне жазылып, 19-ын легионерлер соққан. «Тобылда» 36 голдың 23-ін қалтасында Қазақстанның төлқұжаты бар жігіттер соққан болса, 11 гол легионерлердің еншісіне жазылып, екі допты қарсылас команданың ойыншылары сыйлаған екен.

«Оқжетпесте» 28 голдың 15 өз жігіттеріміз, 12-ін сырттан келген сырттандар және 1 голды қарсыластары өз қақпасына соғып алған. Қалған тоғыз командада легионерлер үстемдік құрып тұр.Әсіресе, «Атырау» мен «Ақтөбедегі» қазақстандық шабуылшылардың халдері мүшкіл. «Мұнайшылар» елінде 34 голдың жетеуін-ақ өз жігіттеріміз соқса, «Ақтөбеде» 38 голдың алтауы ғана отандастарымыздың еншісіне жазылыпты.



Құрамында Кабананга, Твумаси және Гоу мен Исаэль сынды сырттандар ойнайтын «Астана» мен «Қайраттың» халін айтар болсақ, ел чемпиондары соққан 74 голдың 23-ін Мужиков пен Муртазаев бастаған қазақстандықтар соқса, 48-ін «Астанаға» легионерлер әкелген. «Қайратта» қазақстандықтар мен легионерлердің гол айырмашылығы 23-49. Келесі жолы қазақстандықтар мен легионерлердің ел чемпионатындағы «тәртіптерін» таразылаймыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама