auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан жаттықтырушысы "Судува" клубымен Литва чемпионы атанды

Қазақстан жаттықтырушысы "Судува" клубымен Литва чемпионы атанды
Қазақстан маманы Владимир Чебурин «Судува» клубымен Литва чемпионатында топ жарып, алтынмен апталды.

Владимир Чебурин Литваның «Судува» клубын 2016 жылдан бері жаттықтырады. Былтыр осы командамен Литва чемпионатының қола жүлдегері атанып, осы елдің кубогының финалына шықты. Биыл да Мариямполе клубын ерен жетістіктерге жетеледі.

Нақтырақ айтқанда, «Судува» биыл Чебуриннің жетекшілік етуімен тұңғыш рет Литва чемпионы атанып отыр. Соңғы турда өкшесін басқан, өздерінен бір ғана ұпайы кем әйгілі «Жальгиристі» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Сөйтіп, 71 ұпаймен бірінші орынға ие болды. «Жальгирис» 67 ұпай еншілеп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Чебурин мен «Судува» биыл Еуропа лигасында да көпшілікті таң қалдырған. Біздің «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтары жете алмаған жетістікке қол жеткізді. Атап атқанда, Еурокубок додасының үш електік сатысынан өтіп, плей-офф кезеңінде ғана сүрінді. Таратып айтар болсақ, «Шахтер» (Солигорск) клубын 2:1 және 0:0 есептерімен жолынан тайдырып, «Лиепая» командасынан 0:1 және 2:0 есептерімен айласын асырды.

«Сьон» клубын да бұйым құрлы көрмеді – 3:0 және 1:1. Плей-оффта тек «Лудогорец» клубына есе жіберіп алды – 0:0 және 0:2. Бұйыртса, келесі маусымда «Судува» Чемпиондар лигасында бақ сынайды. Кім біледі, мүмкін біздің «Астанамен» де жолы түйісіп қалуы ықтимал ғой. Ал біз 2007-2008 және 2009-2010 жылдар маусымындарында, сондай-ақ 2015 жылы Қарағандыгың «Шахтерін», ал 2011-2012 жылдар маусымында Көкшетаудың «Оқжетпесін» жаттықтырған (алғашқы маусымда көмекші болған).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама