auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Давид Лория өткен маусымның үздік қақпашысы атанды

Давид Лория өткен маусымның үздік қақпашысы атанды
©Kazfootball
Ел футболының 2017 жылғы футбол маусымындағы үздік қақпашысы анықталды. Клуб директорлары мен бас бапкерлері және команда капитандары "Ертіс" және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысын үздік деп таныды.

Үздік қақпашыны анықтауда респонденттер Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының сауалнамасында үш ойыншыдан атау керек болыпты. Бірінші орынға 3 ұпай, екіншіге 2 ұпай және үшінші орынға 1 ұпайдан берілді.

Осылайша, елімізде 2017 жылдың ең үздік қақпашысы болып "Ертіс" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының кипері Давид Лория атанды. Ол 44 ұпай жинап, осы бәйгедегі басты бәсекелесі "астаналық" Ненад Эричтен үш баллға озып кетті. Ал үздік үштікте 26 баллмен "тобылдық" Дмитро Непогодов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, бұған дейін үздік ойыншы номинациясы "Қайраттың" экс-шабуылшысы Жерар Гоуға бұйырып, "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов өткен маусымның ең үздік жаттықтырушысы атанған. Ал 2017 жылдың үздік жас ойыншысы және маусымның ашылуы номинацияларын "тараздық" 19 жасар талант Бахтияр Зайнутдинов иеленді.

2017 жылдың ең үздік қақпашысы

1. Давид Лория, "Ертіс" — 44 балл
2. Ненад Эрич, "Астана" — 41 балл
3. Дмитро Непогодов, "Тобыл" — 26 балл
4. Стас Покатилов, "Қайрат" — 25 балл
5. Александр Мокин, "Астана" — 15 балл








Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама