auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Еліміздің ең үздік жас футболшысы анықталды

Еліміздің ең үздік жас футболшысы анықталды
Ел футболының ең үздік жас ойыншысы және маусым ашылуы анықталды. Екі номинация бойынша да «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов жеңімпаз атанды.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнамаға Премьер-лига клубтарының басшылары, бас бапкерлері мен команда капитандары қатысқан болатын. Үздік жас ойыншыны анықтауда респонденттер үш ойыншыдан атау керек болыпты.

Бірінші орынға 3 ұпай, екіншіге 2 ұпай және үшінші орынға 1 ұпайдан беріліп отырды. Ал «Маусым ашылуы» номинациясын анықтауда респонденттер бір ойыншының есімін ғана атауы қажет болды. Осылайша, елімізде 2017 жылдың ең үздік жас ойыншысы болып «Тараз» футбол клубының 19 жасар ойыншысы Бахтияр Зайнутдинов танылды. Екінші орынды 21 жастағы Максим Федин жеңіп алса, үздік үштікке оралдық Юрий Перцух енді.

Сондай-ақ, Зайнутдинов «Маусым ашылуы» номинациясында да үздік атанып, Перцух пен «қайраттық» 23 жасар жартылай қорғаушы Магомед Парагульговтан озып кетті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, бұған дейін үздік ойыншы номинациясы «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоуға бұйырып, «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов өткен маусымның ең үздік жаттықтырушысы атанған.

2017 жылдың ең үздік жас футболшысы

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» (19 жас) – 49 бал
2. Максим Федин, «Окжетпес» (21 жас) –  31 балл
3. Юрий Перцух, «Ақжайық» (21 жас) – 30 балл
4. Дидар Жалмұқан, «Астана»/«Тобол» (21 жас) – 27 балл
5. Еркебұлан Сейдахмет, «Тараз» (17 жас) – 14 балл

«Маусым ашылуы» номинациясы

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» – 16 дауыс
2. Юрий Перцух, «Ақжайық» – 6 дауыс
3. Магомед Парагульгов, «Қайрат» – 3 дауыс

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама