Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Стойлов - ел біріншілігінің үздік бапкері атанды

Стойлов - ел біріншілігінің үздік бапкері атанды


Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды
Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы биылғы жылдың қорытындысын шығарып, үздіктерін жариялай бастады.

Кеше Қазақстан премьер-лигасының 2017 жылғы ең үздік ойыншысы аталса, бүгін ең үздік бас бапкері жарияланып отыр. Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы "Үздік жаттықтырушы" номинациясы үздігін анықтау үшін де премьер-лигамыздағы клубтардың басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында сауалнама ж.ргізген.

Әр респондент үздік үштікті атауы тиіс болған екен. Әрі қарай есептеу жүйесі әдеттегідей: бірінші орынға – үш, екінші орынға – екі, ал үшінші орынға – бір ұпай. Сөйтіп, бұл сауалнаманың да қорытындысы есептеліп шығарылған.

Сонымен, 2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік бас бапкері болып, "Астана" клубының тізгінін ұстаған болгар маманы Станимир Стойлов танылған. Оның еншісінде – 84 ұпай! Айтпақшы, аталған бапкер бес рет «өткен айдың үздік жаттықтырушысы» номинациясында да теңдессіз танылған болатын. Атап айтқанда биыл сәуір, шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларында үздік шыққан.

Сонымен сауалнама қорытындысы бойынша үздік бестікке енгендер (төменде кімнің кімге дауыс берген кестесін де ұсынып отырмыз):

1. Станимир Стоилов, "Астана" – 84 ұпай
2. Карлос Алос Феррер, "Қайрат" – 33
3. Алексей Петрушин, "Ордабасы" – 25
4. Саулюс Ширмялис, "Шахтер" – 22
5. Вахид Масудов, "Ақжайық" – 14

  Пікір: 0
  0