Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Қайрат" Андрей Аршавинмен келісімшартты ұзартты

Екі жылдың ішінде Аршавин "Қайрат" сапында 20-дан аса гол соқты.


Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды
Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды
Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавинмен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. 

Жаңа келісімшарт бір жылға жасалған екен. Аршавиннің айтуынша, ол клуб сапында пайдасы қанша уақытқа жететін болса, соншалықты ұзақ қала бергісі келеді екен. 

"Қайраттың" маған жаңа келісімшарт ұсынғанына қуаныштымын. Алматыда барлық нәрсе менің көңілімнен шығады. Алдағы жылы да командаға көмектесемін деп сенемін", - дейді Аршавин.

Айта кетейік, 36 жастағы Аршавин "Қайрат" сапына 2016 жылдың наурыз айында ауысып келді. Осы уақытқа дейін ол клуб сапында барлық турнирлерде 71 кездесуге қатысып, 21 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. "Қайратпен" бірге ол екі рет ел біріншілігінің күміс жүлдегері, 2017 жылы Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 



  Пікір: 0
  0