Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның үздіктерін анықтады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның үздіктерін анықтады


Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылғы маусымды қорытындылайтын мерекелі кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында ҚКФЛ жарыстарында бапкерлер мен ойыншылар арасында болған спорттық номинацияларда үздіктердің аттары жарияланды. 

Кештің қонақтары Қазақстан футбол Федерациясының Бас хатшысы Каныш Аубакиров, ҚФФ Төрешілік және бақылау Департаментінің Директоры Николай Левников және де Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының клуб-мүшелерінің басшылары болды.

Аяқталған маусымның үздік төрешілері Денис Измайлов, Марат Искаков және Артем Кучин болып танылды. Лауреаттарға дипломдарды ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин табыстады.

Маусымның  үздік менеджері болып Олжас Абраев атанды. Абраев басшы ретінде Қарағанды облысының сеніп тапсырған "Шахтер" футбол клубын аз уақыт ішінде дағдарыстан шығарып алды. Маусым қорытындысы бойынша команда "ұшу аймағынан" аман қалып, Чемпионатты турнирлік кестенің 7-ші орнында аяқтады.

Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бастамасымен жаңа номинация тағайындалды. Футбол еліміздің әр облысында аймақ басшысының қолдауын алады. ҚКФЛ Әкімдердің футболды дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап, келесі басшыларға "2017 жылдың Үздік футбол Әкімі" деген атақ тағайындады:  

- Футбол клубын барынша қолдағаны үшін, жанкүйерлермен жылы қарым-қатынаста болғаны үшін номинацияның лауреаты болып Атырау облысының Әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев атанды;

- Ұзақ уақыттан кейін клубты Премьер-Лигаға қайта шығарғаны үшін, футболға деген махаббаты үшін номинацияның лауреаты Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Құмар Іргебаевич Ақсақалов атанды;

- Инфроқұрылымға деген арнайы қамқорлығы үшін, клубтың құрылымындағы үш команданы бірнеше жылдар бойы қолдағаны үшін номинацияның лауреаты Қызылорда облысының Әкімі Қрымбек Елеуович Көшербаев атанды.
  Пікір: 0
  0