auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жерар Гоу "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты

Жерар Гоу "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты
"Қайрат" ФК
"Қайрат" футбол клубының ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу командадан кеткенін хабарлады. Футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлерімен қоштасып, Қазақстан футбол федерациясына алғысын жеткізді.

Осыған дейін шабуылшы алматылық командамен келісімшарты аяқталысымен кететіні жайлы хабар тараған-ды. Үш маусым "Қайрат" сапында ойнап, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген еді. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты. Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.

- Мен барлығына рақмет айтқым келеді! Алдымен Қазақстан халқынан бастаймын. Мен сіздерді сүйемін. Мені ыстық ықыласпен қарсы алдыңыздар. Футболды жақсы көретін барлық жанкүйерлерге алғысымды жеткіземін. Рақмет ҚФФ. Қиын сәтте де, жеңісті сәттерде де Қайрат командасына қызу қолдау білдірген жанкүйерлерге көп рақметімді айтамын. Командалас әріптестеріме де алғысым шексіз. Біз барлығымыз Қазақстан футболының жоғары деңгейге көтерілу жолында тер төктік. Мен Қайрат футбол клубын ешқашан ұмытпаймын. Әсіресе клуб президенті мақтан тұтамын. Ол мені баласындай жақсы көріп, сенім артқанына,талантымды ұштауыма сеп болды. Осы хабарлама арқылы Қайрат командасымен жолымыз екі айырылғанын айтқым келеді. Мен халық командасы үшін қашанда дайынмын. Бәлкім, көп кешікпей Қазақстан футболына қуаныш сыйлау үшін қайта қауышып та қалармыз. Мен сендерді сүйемін. Алға Қайрат, - деп жазды шабуылшы.

Айта кетейік, таяуда ғана Jeune Afrique журналы Жерар Гоу "Қайратта" жылына 2 миллион еуро алатыны жайлы жазған еді. Шабуылшыға Белградтың "Партизан" футбол клубы қызығушылық танытуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама