auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жерар Гоу "Қайратта" жылына 2 миллион еуро алады – БАҚ

Жерар Гоу "Қайратта" жылына 2 миллион еуро алады – БАҚ
Қайрат ФК
"Jeune Afrique" журналы Қайрат командасының шабуылшысы Жерар Гоудың жылдық табысын жариялады. Африкалық басылым мәліметі бойынша футболшы жылына 2 миллион еуро алады екен.

28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген еді. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты. Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.

Жерар Гоудың алматылық клубтағы табысы жылына 2 миллион еуро болса, қосымша сыйақылар бұл қаржыға қосылмаған. Команда мен ойыншының келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Әзірге "Қайрат" командасы ойыншымен келісімді жалғастыру, не жалғастырмау туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал шабуылшының өзі командада қалуға ниетті көрінеді.

Қазақстанда танымал футболшылар жоғары көлемде жалақы алатыны жасырын емес. Осыған дейін Қазақстан футбол федерациясын басқарған Ерлан Қожағапанов Қазақстан премьер-лигасында айына 70 000 еуро алатын футболшы барын айтқан еді. Ал "Самрұқ-Қазына" қорының атқарушы директоры Дархан Кәлетаев "Астана" клубында қазақстандық ойыншының біріне жылына 1,1 миллион доллар беретінін тілге тиек еткен-ді.

2015 жылы "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары қанша жалақы алатыны жайлы да ақпар тараған еді. Ал 2016 жылы Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев "Қайратта" Андрей Аршавин жылына 1 миллион еуро алатынын жеткізген-ді. Алайда алматылық клуб командада ешбір ойыншы қомақты жалақы алмайтынын мәлімдеген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама