auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ақжайық" премьер-лигадағы орнын сақтап қалды

"Ақжайық" премьер-лигадағы орнын сақтап қалды
Ақжайық ФК
Оралдың "Ақжайық" футбол клубы ел премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды. Астанада өткен өтпелі ойында Жетісайдың "Мақтарал" командасын 2:1  есебімен ұтты.

Қос команда арасындағы ойын тартысты өтті. Бірінші лигада төртінші орын алған "Мақтарал" премьер-лигаға шығу мүмкіндігін жібергісі келмесе, "Ақжайық" "ойыншылары тәжірибесіне сенді.

Ойында бірінші болып Қуаныш Қарақұлов жаттықтыратын "Мақтарал" командасы есеп ашты. 35 минутта "Ақжайық" қақпашысы айып соққысынан асырылған допты қайтарып үлгергенмен, Самит Чулаговтың қайта тепкен добын қайтарып үлгермеді. Алайда бірінші таймға қосылған қосымша 1 минутта оралдық команда есепті теңестіріп кетті. Константин Дудченко гол соқты.

75 минутта жетісайлық команда ойыншылары өз айып алаңдарында ойын ережесін бұзып, бас төреші пенальти белгіледі. "Ақжайық" командасының шабуылшысы Константин Дудченко бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Қақпашы Алмаз Хамытбеков допты қайтара білді.

86 минутта Константин Дудченко Азат Ерсалимовтың әуелете асырған пасын қақпаға тура бағыттап, "Ақжайыққа" жеңіс сыйлаған голды соқты. Бұл жолы Алмаз Хамытбеков допты қайтарып үлгермеді. Десе де "Мақтарал" қақпашысы ойында өзін тамаша қырымен танытты. Көп сәтте қырағылық танытып қақпасына гол соқтырған жоқ.

Айта кетейік, биылғы ел премьер-лигасының қорытындысы бойынша "Тараз" бен "Оқжетпес" (Көкшетау) бірінші лигаға түсті. Ал жаңа маусымда премьер-лигада "Жетісу" (Талдықорған) мен "Қызылжар" (Петропавл) ойнайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама