auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Станимир Стойлов түркиялық "Фенербахченің" тізгінін ұстауы мүмкін

Станимир Стойлов түркиялық "Фенербахченің" тізгінін ұстауы мүмкін
Станимир Стойлов. Сурет Reuters©
Елордалық "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов жуық арада түркиялық "Фенербахче" клубының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы Fanatik.com.tr порталы хабап тарап отыр. 

"Фенербахченің" қазіргі бапкері Айкут Кокаман жуық арада қызметінен кетуі мүмкін. "Османлыспор" клубына қарсы өткен кездесуден кейін (1:1) клубтың президенті Азиз Йылдырым команданың киім ауыстыратын бөлмесіне келіпті. Кокаманмен болған кездесуден кейін президент клубтың турнир кестесіндегі жағдайын дұрыстау керек екенін айтқан. Бірақ түркиялық басылымдардың мәліметі бойынша ыстамбулдық клуб қазірдің өзінде жаңа бапкер іздеуді бастап кетіпті. 

"Фенербахченің" тізгінін ұстауы мүмкін деген мамандардың қатарында Умит Озат мен Эрсун Янал, румын Мирча Луческу, бразилиялық Роберто Карлос және аргентиналық Марсело Бьелса секілді бапкерлер бар. Жуырда бұл тізімге Стойлов та қосылыпты. 

Fanatik порталының таратқан мәліметі бойынша, Кокаман қызметінен кетсе, "Фенербахче" басшылары бірінші кезекте өкілдерін Қазақстанға жіберіп, Стойловпен келіссөз бастайды. 

50 жастағы Стойловтың "Астана" клубымен келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Елордалық клуб сапында ол 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның бастамасымен "Астана" төрт рет Қазақстан чемпионы, бір реттер Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен екі рет Еуропа лигасында өнер көрсетті. 

Стойлов үшін Түркия таңсық ел емес. 1992/1993 жылдары ол "Фенербахче" сапында өнер көрсеткен. 

Стойловтың "Фенербахче" сапында соққан голы 







Айта кетейік, Түркия біріншілігінің 11 турынан кейін "Фенербахче" клубы 17 ұпайдан кейін жетінші орында келеді. Кокаманның командасы көш басында келе жатқан "Галатасарай" клубынан тоғыз ұпай қалып келеді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама