Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астананың" шабуылшысы Патрик Твумаси түркиялық клубқа ауыспайды

Бұл туралы футболшының өзі айтты.


Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумаси Түркия біріншілігінде өнер көрсететін «Бурсаспор» клубының ұсынысынан бас тартқан. 

Ганалық футболшыға түркиялық команда осыдан екі жыл бұрын қызыққан. Дегенмен ұсынысты тек осы жылы жасаған. 23 жастағы шабуылшыны «Бурсаспор» клубының бас бапкері Поль Ле Гуэннің өзі командада көргісі келген. Алайда футболшыға тікелей шыққан түркиялық клубтың өкілдеріне Твумаси бас тартқан. Ганалық ойыншы «Бурсаспор» командасы қызықтырмайтынын және «Астана» сапында қалуды қалайтынын айтқан. Оның үстіне, елордалық клубпен 2 жылдық жаңа келісімшарт жасасқан.

— «Астана» командасымен бірге үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, кубокта және суперкубокта жеңімпаз атанғанымды мақтан тұтамын. Алайда біз өзіміздің шынайы деңгейімізді тек Еуропада ғана тексере аламыз. Осы орайда «Астана» соңғы жылдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Менің арманым Гана ұлттық құрамасы сапында өнер көрсету және сол арманыма «Астананың» сапында ойнау арқылы қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Клубымызды, әріптестерімді, бапкерлерді, қаламызды өте жақсы көремін. Сол үшін де «Астана» сапында әрмен қарай ойнауды жалғастырғым келеді. Маған барлық уақытта қолдау білдіріп жүретін клуб фанаттарына ерекше алғыс айтамын, — дейді Патрик Твумаси елордалық клубтың баспасөз қызметіне келісімшарт жасасқанына байланысты.

Айта кетейік, Патрик Твумаси 2013 жылы ауысып келген болатын. Сол маусымда ол елордалық клуб сапында 11 ойын өткізіп, 6 гол соқты. 2014 жылдың бірінші бөлігін Ресейдің «Амкар» клубында өткізіп, маусымның ортасында «Астана» сапына қайта оралып, қазіргі уақытқа дейін 87 ойынға қатысып, 26 гол соқты.

Түркия cуперлигасында өнер көрсететін «Бурсаспор» болса, біріншілікті өткен жылы 14-орынмен аяқтады. Түркия біріншілігінің жаңа маусымы тамыздың ортасында басталады.
  Пікір: 0
  0