Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Жуниор Кабанангаға үш бірдей ағылшын клубы қызығушылық білдіріп отыр

Бірақ ол үш клуб та Чемпионшипта өнер көрсетеді.


Елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабанангаға үш бірдей ағылшындық клуб қызығушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Nottingam Post басылымы хабарлайды. 

Басылымның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта конголық шабуылшыны "Ноттингем Форрест", "Лидс" және "Халл Сити" клубтары қызығушылық білдіріп отыр. Бұл клубтардың барлығы да бұрнағы күні Чемпионшипта өнер көрсетеді. Өткен маусымда "Ноттингем Форрест" чемпионшипта 21-орын алса, "Лидс" - жетінші, ал "Халл Сити" Англия Премьер-лигасында ойнады. 

Кабананганы сатып алуға "Лидстің" мүмкіндігі көп екен. Оның футбол нарығындағы құны - 1,5 миллион фунт (немесе 1,656 миллион еуро) тұрады. 

Айта кетейік, биылғы жазда Кабанангаға Италияның А сериясында өнер көрсететін "Кратоне" клубы да қызығушылық танытқан. Ал польшалық TVP Sport телеарнасының комментаторы Куба Локетеканың мәліметінше, қазіргі күні шабуылшымен "Легия" клубы да келіссөз жүргізіп жатыр екен. 

28 жастағы Кабананга "Астана" сапына 2015 жылдың жазында ауысып келген еді. 2016 жылғы маусымның бірінші бөлігін ол түркиялық "Карабюкспорт" клубында өткіщіп, Түркия Суперлигасына шықты. Жалпы "Астана" сапында ол 79 кездесу өткізіп, 30 гол және 7 нәтижелі пас берген. Биылғы маусымда ол 14 гол соғып, ел біріншілігіндегі үздік сүрмергендердің тізімінде екінші орында тұр. 

Шілде айының соңында Кабананга "Астана" клубымен келісімшартын тағы екі жылға созды. Енді оның елордалық клубпен келісімі 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады. 





  Пікір: 0
  0