auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Твумаси мен Кабананга "Астанамен" келісімшарттарын ұзартты

Твумаси мен Кабананга "Астанамен" келісімшарттарын ұзартты
"Астана" командасының шабуылшылары Патрик Твумаси (Гана) мен Жуниор Кабананга (ДР Конго) «Легияға» қарсы кездесу қарсаңында елордалық командамен еңбек келісімшартын тағы да екі жылға ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

"Мен «Астана» командасымен бірге үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, Кубокта және Суперкубокта жеңімпаз атанғанымды мақтан тұтамын. Алайда, біз өзіміздің шынайы деңгейімізді тек Еуропада ғана тексере аламыз. Осы орайда, «Астана» соңғы жылдарда Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Менің арманым Гана ұлттық құрамысы сапында өнер көрсету және сол арманыма «Астана» командасы сапында ойнау арқылы қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Мен клубымызды, командаластарымды, баркерлерді, қаламызды өте жақсы көремін. Сол үшін де «Астана» сапында әрмен қарай ойнауды жалғастырғым келеді. Маған барлық уақытта қолдау білдіріп жүретін клуб фанаттарына ерекше алғыс айтамын", - дейді Патрик Твумаси. 

"Мен «Астана» сапында ойнайтыным үшін қуаныштымын және осы жерде қазақ халқының маған деген қолдауын анық сезінемін. Әр ойын сайын жанкүйерлер мен фанаттар менің есімімді қайталап, айғайлаған сәтте көзіме қуаныштың жасы келетіні жасырын емес. Мен үшін мені қоршаған ортаның маңыздылығы өте жоғары. Осы орайда, Қазақстан менің жасыл алаңдағы еңбегімді бағалайтыны қуантады. Ал бапкерлер құрамының маған деген сенімі, «Астана» жейдесінде елордалық команданың намысын әр ойында жоғары деңгейде қорғауыма ерекше күш береді. Мен шындығында «Астанаға» қарыздармын. Себебі, мен «Астана» сапында жүріп керемет күш алып, Ұлттық құрама сапында негізгі құрамнан орын алдым. Мен елордалық команданың намысын жоғары деңгейде қорғап, Қазақстан халқына қуаныш сыйлап, алдыға қойған мақсаттарымызға жету жолында талмай еңбектенетін боламын", - дейді Жуниор Кабананга. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама