Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Қайраттың" тізгінін испаниялық маман ұстады

"Қайрат" ресми түрде жаңа бас бапкердің тағайындалғанын хабарлады.


Ел біріншілігінде өнер көрсететін алматалық "Қайраттың" жаңа бас бапкері болып испаниялық маман Карлос Алос Феррер тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ферердің тағайындалғаны туралы клуб басшысы Қайрат Боранбаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Испаниялық маман "Қайраттың" тізгінін маусымның соңына дейін ұстайтын болады. 

"Біздің клуб Карлоспен бірнеше уақыт бойы жақсы қарым-қатынаста болып келді. Негізі біз оны жылдың соңында командамызға шақырғымыз келген Бірақ клубта болған соңғы жағдайларға байланысты біз бұл маманды қазір шақыртуға мәжбүр болдық. Келісімшарт жыл соңына дейін жасалды. 

Біздің жағдайымызды түсініп, Феррерді Қазақстан жастар құрамасында қызметінен босатып, бізге көмектескені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғыс біледіреміз. Барлығымызға сәттілік тілеймін!", - деді Боранбаев. 

Карлос Алос Феррер назначен главным тренером «Кайрата». Данный специалист имеет опыт работы с молодыми футболистами в юношеской сборной Казахстана. Отмечу, что наш клуб поддерживал связь с Карлосом на протяжении длительного времени по работе с детско-юношеским футболом. Мы планировали пригласить его в конце года, но обстоятельства вынудили сделать это сейчас. Контракт подписан до конца текущего сезона.  Выражаем благодарность Федерации футбола Казахстана за то, что пошли нам на встречу и освободили его от работы в юношеской сборной Казахстана. Желаем нам всем удачи!

Публикация от Kairat (@kairat4)




42 жастағы Феррер Қазақстанда 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол шымкенттегі "Оңтүстік" академиясында екі жыл жұмыс істеп, Қазақстан жасөспірімдер құрамасын баптап келген еді. Қазақстанға дейін ол Испания, Гонконг және Польшада жастар мен жасөспірімдер академияларында жұмыс істеген. 

Испаниялық маман карьерасында тек бір рет қана кәсіпқой футбол клубының бапкері болған. 2015 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында "Погонь Седльце" тізгінін ұстап, бар болғаны он кездесу өткізген. 

Еске салайық, 21 шілде күні грузин маман Кахабер Цхададзе қызметінен кеткеннен кейін "Қайрат" клубы бас бапкерсіз қалған тұғын. 


  Пікір: 0
  0