Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Рохер Каньяс "Ордабасы" сапына ауысады

Келісімшарт бүгін жасалады.


Колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс карьерасын шымкенттік "Ордабасы" клубы сапында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Кеше Каньяс Шымкент қаласына ұшып келген. Бүгін ол команда басшыларымен кездесіп, "Ордабасымен" келісімшартқа қол қояды. Біздің қолда бар мәліметтер бойынша, ол шымкенттік клубпен жарты жылдың шартнама жасайды. 

Бұған дейін колумбиялық жартылай қорғаушы "Астана" клубымен келісімшартын бұзған болатын. Сондықтанда ол шымкенттік командаға тегін бұйырып отыр. Негізі Қазақстан Премьер-лигасында трансферлік уақыт аяқталды. Бірақ шымкенттік клуб арнайы шартқа сүйеніп, Каньясты қатарларына қосуы мүмкін. Біздің біріншілікте клубтар трансферлік уақыт аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде еркін агент болып жүрген футболшыны қосып алуларына мүмкіндігі бар. 

27 жастағы Каньяс АПОЭЛ сапында жарты жыл жалда жүріп, "Астана" сапына жазда оралған еді. Бірақ елордалық клубтың басшылары футболшыға керек еместігін айтқан. Содан соң клубпен келісімшартты бұзды. 

Бұған дейін Каньястың қарағандылық "Шахтер" сапына қайта оралуы мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бұл клубтың сапында ол 2012 және 2013 жылы өнер көрсеткен. "Кеншілермен" ол Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.

Қазақстанға келерге дейін Каньяс полшалық "Ягеллония", ресейлік "Сибирь", латвиялық "Транзит" және колумбиялық "Индепендьенте Медельин". клубтарының намысын қорғаған. 


  Пікір: 0
  0