Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Ақжайық" футбол клубы 2,4 миллион теңгеге бағаланып, сатылымға қойылды

"Ақжайық" футбол клубы 2,4 миллион теңгеге бағаланып, сатылымға қойылды.


"Ақжайық" футбол клубы 2,4 млн теңгеге бағаланып, сатылымға қойылды. Бұл туралы бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында мәлім етілді.

Бағалау жұмыстарын облыстық қаржы басқармасы жүргізді. "Сатылымға тек команда мен футбол орталығы ғана қойылды. Ал стадион, ғимарат, арнайы техника, көліктер мемлекет иелігінде болады. Жалпы Оралда стадиондарды қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіру, осы спорт түрін кеңінен дамыту, жергілікті футболшыларға жағдай жасау бағытында шаралар қолға алынады", - деді басқарма басшысы Әсия Аманбаева.

Айта кетейік, бұдан бұрын клуб 2015 жылы алғаш рет сатылымға шығарылып, қатысушы болмағандықтан, өтпей қалған еді.

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Оралдың "Ақжайығы" қазіргі кезде турнир кестесінде 13 ұпаймен сегізінші орында келеді.

  Пікір: 0
  0