auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Соққан голымды қайтыс болған әжеме арнаймын - Иван Маевский

Соққан голымды қайтыс болған әжеме арнаймын - Иван Маевский
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский оралдық "Ақжайыққа" (2:0) қарсы өткізген кездесудің соңында KazFootball.kz сайтының тілшісіне ойын туралы пікірін білдірді:

- Бүгін өте қиын ойын болды. Дәл бүгінгідей алаңда сапалы ойын өрнегін көрсету мүмкін болмады. Бірінші тайм тартысқа толы болды. Екінші таймда жинақылық танытып, жеңіске жеттік. Ең бастысы қажетті 3 ұпайға қол жеткіздік.

- Сіз бүгін өзіңізге үйреншікті позицияда емес, біршама шабуылға жақын тұста ойнадыңыз. Ол қаншалықты қиын болды?

- Мен ойнаған позиция алаңның орталық бөлігі. Егер сен орталық алаңда ойнайтын ойыншы болсаң, сәл алда немесе артта ойнағанның аса бір айырмашылы жоқ. Кішкене үйренісуге тура келетіні анық. Дегенмен ең бастысы ойнау қажет. Ойын алдында бас бапкер берген тапсырманы барынша орындап шығуға тырыстым. Ал менің қалай өнер көрсеткенім туралы бас бапкер айта жатар. Ең бастысы Оралдан үш ұпаймен елордаға оралып жатырмыз.

- Вахид Масудов екінші тайм бойында ойыншыларын "қатты" ойнауға шақырумен болды. Қарсылас команда ойыншылары тарапынан қандай да бір агрессия байқалды ма?

- Мен олай айтпас едім. Әрине, футбол болған соң алаңда талас-тартыстың болары анық. Менің ойымша алаң сапасы ойынға тікелей әсер етті.

- Көп ойыншылар соққан голын біреуге арнап жатады. Бүгінгі соққан голыңды кімге арнайсың?

- Біріншіден гол соққаныма өте қуаныштымын. Бүгін соққан голымды дүйсенбі күні қайтыс болған әжеме арнаймын.

- Бүгін сіз негізі дубль жасаған едіңіз. Алайда төреші бір голды есепке алмады. Осы сәттің негізгі куәгері ретінде айтыңызшы, сол сәтте гол болды ма? Көрермен ретінде доп қолыңызға тимеген сияқты еді...

- Ол жерде шынымды айтсам доптың қай жеріме жанасқанын мен де аңғармай қалдым. Мүмкін қолыма да тиген шығар. Дегенмен барлығы ойын жағдайында болды. Нақты айту үшін, бейнежазбаны қарап көру керек.

"Астана" ФК баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама