auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қарсылас команда ойыншыларымен ғана емес, сапасыз алаңға да қарсы ойнадық - Дмитрий Шомко

Қарсылас команда ойыншыларымен ғана емес, сапасыз алаңға да қарсы ойнадық - Дмитрий Шомко
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасының капитаны Дмитрий Шомко оралдық "Ақжайыққа" (2:0) қарсы өткізген кездесудің соңында KazFootball.kz сайтының тілшісіне ойын туралы пікірін білдірді:

- Бүгін өте қиын ойын болды. Қарсылас команда ойыншыларымен ғана емес, сапасыз алаңға да қарсы ойнадық десем болады. Жалпы алғанда бапкерлер құрамының берген тапсырмасын мүлтіксіз орындап, өз қақпамызға гол жібермей, жеңіске жеттік.

- Оралдағы алаңның сапасы туралы не айтасыз?

- Менің ойымша Қазақстандағы ең сапасыз алаң осында.  Мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды. Алайда "Ақжайық" командасының ойын өткізетін басқа қосалқы алаңы жоқ екенін де ескеруіміз керек.

- Сіз ойынның екінші таймында бапкерлері құрамы отыратын сол жақ қапталдың қорғанысында ойнадыңыз. Оралдық команданың бас бапкері ойыншыларын қарсыласқа қарсы қатаң ойнауға шақырғанын құлағыңыз шалды ма?

- Әрине естідім. Масудовтың бізге қарсы ойыншыларының қатаң ойнауын сұрап жатқанын анық естідім. Кейбір сәттерде бізді сындырғысы келген шығар. Алайда біз оңайлықпен сына қоятын ойыншылар емеспіз. Бұл жағдайды бапкердің жеке көзқарасы деп қабылдау керекпіз. Біз барлығымыз ет пен сүйектен жаратылған ойыншылармыз. Футболда талас-тартыстың болатыны анық. Дегенмен жарақат алған ешқашан жақсы емес. Бірінші кезекте ойыншының отбасына өте қиын тиеді.

- Команда бірінші таймда гол соға алмағаннан кейін, аздап ашуға бой алдырған сәттер болды ма?

- Біз ойынның бірінші таймында керемет гол соғатын мүмкіндіктер тудыра алдық дей алмаймын. Қарсылас командада гол соғатын өте жақсы мүмкіндік болды. Алайда сол сәтте қақпашымыз Александр Мокин керек жерден табылып, қақпамызды аман алып қалды. Үзілісте бапкеріміз ойынды қалыпқа түсіруімізді сұрады. Біз бапкердің тапсырмасын орындадық. Ал ол өз жемісін берді.

"Астана" ФК баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама