auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Витор Жуниор үнемі өзін басқа футболшылардан жоғары қояды - Андрей Сидельников

Витор Жуниор үнемі өзін басқа футболшылардан жоғары қояды - Андрей Сидельников
"Ақтөбе" ФК ресми сайтынан
12 мамыр күні "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы Витор Жуниор команда ішіндегі тәртіпті жаттығуға қатыстырылмады. Бұл жайында клубтың бас бапкері міндетін атқарушы Игорь Прохницкий, спорттық директор Игорь Кистер және команда капитаны Андрей Сидельников баспасөз қызметіне пікірлерін білдірді.

- Витор Жуниор "Атыраумен" болған кубоктық ойын алдында жаттығу жасаудан бас тартты. Сол күні барша бапкерлік штаб осы ойыншыға сенім артқан болатын, бірақ Витор Жуниор бапкердің тапсырмасына құлақ аспай жаттығуға шықпады. Ал бүгін легионер теория сабағында бәрінің көзінше оқу процесіне деген салғырттығын көрсетті. Сондай қылықтары үшін мен футболшы Витор Жуниордың бөлмеден шығып кетуін талап еттім, себебі бұл оғаш әрекет команданы сабағынан алаңдатты, ортақ тәртіпті бұзды, - деп пікір білдірді "Ақтөбе" клубының бас бапкері міндетін атқарушы Игорь Прохницкий.

"Ақтөбе" клубының спорттық директоры Игорь Кистердің де сөзіне сенсек Витор Жуниордың тәртібі нашарлап кеткен.

- Бәрі осыған келе жатыр еді. Витор Жуниор өзінің іс-әрекетімен команда арасына іріткі салып жүр. Қаласа - жаттығады, қаламаса - жаттықпайды. Ол үнемі "әне жерім ауырады, міне жерім ауырады" деп арызданады да жүреді, қай жері ауыратындығын өзі де білмейді. Оның ешқандай тәртібі жоқ. Ол кез-келген уақытта массажға келе алады. Мысалға түнгі 12-де. Команданың түнгі 11-ден дейін жататын уағы болса да, ол массажға келіп тұрады. Ол үнемі командаға қатысты дүниелерге немқұрайлы қарайды. Мысалға, командада ойын алдында ысқыруға болмайды деген ырым бар. Ол соны әдейі істегендей қылып матч алдында ысқырып жүреді. Бұл өте жағымсыз нәрсе. Барлық ойыншылар командаға осындай көзқарастағы адамды көріп, тәртіптеріне нұсқан келеді. Бұл ұжымдағы ауызбіршілікке кері әсер береді - араларында достық пен ауызбіршілік жоқ. Жаттығуларда бір-бірімен төбелеседі. Футболшылар бұның бәрін көріп жүр, бұл оларға деген құрметсіздік болып есептеледі. Бұның бәрі ойын нәтижесіне кері әсерін тигізеді. Қаласа - жүгіреді, қаламаса - жүгірмейді. Допқа талас жүргізбейді. Ол бапкерге, маған дауысын көтеріп сөйлейді. Ондай қарым-қатынастың алдын алу керек. Оның қазір ойнағым келеді дегені күмәнді. Ол керек кезінде неге ойнамады. Ол кезде ол команда нәтижесіне алаңдамаған еді.

Бұл жайында батысқазақстандық команданың капитаны Андрей Сидельников өз пікірін білдірді.

- Витор Жуниор мен Чако Торрестің тарапынан командаға қатысты дұрыс емес әрекеттер бұрыннан байқалатын. Олар үнемі өздерін басқа футболшылардан жоғары қояды. Жаттығуларда олар барын салмайды. Жаттығу-жаттықпау - өз қалауларында. Футбол клубында ондай бассыздыққа жол берілмеуі тиіс. Оларға бірақ сондай істер рұқсат етілетін, оларға жеңілдік жасалатын. Бұл нәрсе команда ішінде наразылық тудырды, мен де команда капитаны ретінде өз наразылығымды білдіремін. Мен бұл жайлы бірнеше рет бас бапкерге де айтқан болатынмын. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама