Футболдан ел премьер-лигасындағы жазғы ауысым (трансфер) уақыты белгіленді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап Vesti.kz тілшісі хабарлайды.
Ұйымдастырушы комитеттің кезекті отырысының қорытындысы бойынша командалар 13 маусым мен 10 шілде аралығында қатарларына ойыншы қос алады.
Айта кетейік, қысқы ауысым уақыты 3 сәуір күні аяқталған болатын.
Жарнама