auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Соңына дейін ойнауды, "Астана" командасынан үйрену керек - Ваит Талгаев

Соңына дейін ойнауды, "Астана" командасынан үйрену керек - Ваит Талгаев
"Астана" ФК ресми сайтынан
Қазақстан Премьер-Лигасы 8-ші туры аясында «Астана»  «Тарлан Арена» стадионында жамбылдық «Тараз» командасын қабылдап, 4:0 есебімен жеңді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ойын соңындағы баспасөз жиынында «Тараз» командасының бас бапкері матч туралы пікірімен бөлісіп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді:

-          Ойын есебі 4:0. Осыдан кейін не айтуға болады? Алғашқы таймда қақпамызға оп-оңай голдар жібердік. Ойынның екінші кезеңінде таласып, шабуылдауға тырыстық. Бірақ қарсыламыз «Астана» командасы екені айтпаса да белгілі. Елордалық команда өзінің тәжірибелі ұжым екендіктерін бүгінгі кездесуде тағы бір мәрте дәлелдеді. Соңына дейін ойнауды, «Астана» командасынан үйрену керек деп ойлаймын.

-          Руслан Мухамедшин өте тәжірибелі ойыншылардың бірі екендігін білеміз. Бірақ бүгінгі кездесуде алаңда мүлде көінбеді...

-          Бүгінгі ойында алаңда көп ойыншы өзін көрсете алмады. Мен өз ойыншыларымның ойыны туралы пікір білдіріп, жалпы жұрттың талқылауына салмаймын. Команда ойыншылары мен бапкерлер құрамы матчтың толық бейнежазбасын қарап, бүгінгі ойынға талдау жасайтын боламыз.

-          «Тараз» командасы капитандық міндетті көбіне жамбылдық аяқдопшыларға жүктейтін. Соңғы кездесулерде бұл міндетті Мухамедшин атқарып жүр...

-          Мухамедшин – вице-капитан. Біздің негізгі капитанымыз жергілікті ойыншы Кургулин. Нұртас қазір жарақатына байланысты алаңға шыға алмағандықтан, капитандық міндетті команда сапындағы ең тәжірибелі ойыншы Руслан Мухамедшинге жүктеген болатынбыз.

-          Екінші таймның басында қақпашы алмастырдыңыз. Оның себебі неде? Алғашқы таймда соғылған голдар қақпашының қателігінен деп ойлайсыз ба?

-          Қақпашыны тіпті бірінші таймда алмастыруымыз керек еді. Логиновский ойын барысында аздап жарақат алып, бірінші таймда соңына дейін аяқтауға өзі сұранған болатын. Өз басым егер қақпашы жарақат алып, өзін жайсыз сезінсе міндетті түрде алаңдағы орнын босатуы керек деп ойлаймын. Себебі сенің артыңда қақпа, оның ішінде тор бар екенін түсінуің керек. Қақпашының қателігін ешкім түзете алмайды. Қақпашының алмасуы жарақат алуына байланысты болды.

-          Ойын есебіне қарайтын болсақ, екі команда әр түрлі деңгейдегі ұжымдар деп айтуға бола ма?

-          Мүмкін... «Астана» үш жыл қатарынан, Станимир бапкердің қол астында үздік нәтижеге жетіп келеді. Ойыншылардың бір-бірімен алаңда тіл табысуы өте керемет. Команда қатарына жаңадан келген ойыншыларды да дұрыс таңдаған.

-          «Астана» командасы қазіргі құрамымен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыға ала ма?

-          Менің ойымша аталмыш турнирде көп нәрсе жеребеге және команданың сәтті өнер көрсетуіне байланысты. Біз әрине халықаралық жарыстарда кезінде ел намысын қорғайтын «Астана» командасының тілеуін тілейміз. Біз «Астана» сияқты командамен бір чемпионатта өнер көрсететінімізді мақтанышпен айта аламыз. «Астана» командасына сәттілік тілеймін!
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама