auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Маған Қытайдан, Франциядан және Ресейден ұсыныстар түсті, бірақ мен "Астанада" қалдым - Кабананга

Маған Қытайдан, Франциядан және Ресейден ұсыныстар түсті, бірақ мен "Астанада" қалдым - Кабананга
©fca.kz
Қазақстан чемпионатының алтыншы турында "Астана" қонаққа келген "Ақтөбені" 3:0 есебімен ұтты. Голдарды Юрий Логвиненко, Дидар Жалмұқан және Жуниор Кабанангаға тіркелді. Ойыннан кейін елордалық команданың шабуылшысы Жуниор Кабананга матч туралы қысқа пікірін білдірді. 

— Ойын әуел баста қиындау жүрді, бірақ соғылған гол бізді жігерлендіріп жіберді. Екінші таймда да қарсыластарымыз мейлінше қиындық туғызды, бірақ өз мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдалана алдық. Жалпы, қажетті нәтижеге қол жеткізе алдық, - дейді шабуылшы. 

— Алаң сапасы туралы не айта аласыз? Ол командаларға кедергі жасаған жоқ па?

— Алаң әрине, қиындау болды ойнауға. Күн суықта мұндай жасанды алаңда ойнау оңай емес. Бірақ, жуық арада бәрі де бір ізге түседі, біз өз алаңымызға қайта ораламыз

— Бүгін Сіз пенальтиді қайта тебуіңізге тура келді. Тек екіншісінде ғана төреші голды тіркеді. Бұл психологиялық тұрғыдан қаншалықты қолайсыз болды?

— Мен өз ойымды жинақтап, гол соға алдым. Бірақ төреші қайтадан тебу қажеттігін көрсетті. Бірақ өзіме деген берік сенім болды.

— Өз дайындығыңызды қалай бағалайсыз?

— Бәрі жақсы. Матч сайын өзімді дамытуға тырысамын. Команданың алдында биік мақсаттар тұр, мен сол мақсаттарға жетуіне командаға көмектесуге дайынмын. Ойыннан-ойынға күшім көбейіп келе жатқанын сеземін.

— Африка ұлттар кубогіндегі жарқын ойыннан кейін Сізге Еуропа клубтары қызыға бастады, бірақ Сіз Астанада қалдыңыз...

— Әрине, ұсыныстар түсті, бірақ мен «Астананы» сыйлаймын, сол үшін қалдым. Ол ұсыныстар жетегінде кетпегеніме өкінбеймін, өйткені Астана өз үйімдей болып қалды. Қазақтарды жақсы көремін, Қазақстанға алғысым шексіз. Мен «Астанада» өзімді жайлы сезінгендіктен, командамен бірге дамитынымды сезінгендіктен қалдым.

— Егер құпия болмаса, қай клудтардан ұсыныстар болғанын айта аласыз ба?

— Қытайдан, Франциядан, Ресейден ұсыныстар болды, бірақ мен басқа клубқа өздігімнен кетуді жоспарлаған емеспін. Әрине, Еуропа маған қызығып жатқаны жағымды, бірақ менің жүрегім — «Астанада».
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама