Бүгін ғана "Ақтөбе" клубының қатарын толықтырған аргентиналық аяқдопшы Хуан Мануэль Торрес Қазақстандағы ең қымбат деген бес футболшының қатарына қосылды, деп хабарлайды
Vesti.kz.
Немістің
Transfermarkt.de порталының мәліметі бойынша, 31-жастағы футболшының футбол нарығындағы құны - 2 миллион еуро екен.
Осылайша ол Неманья Максимович "Астана" (3 миллион еуро), Жерар Гоу және Герсон Асеведо "Қайрат" (2,5 миллион еуро) сынды футболшылардан кейін 2 миллион еуро тұратын "Астана" ойыншысы Рохер Каньяспен бесінші орынды бөлісіп тұр.
Айта кетейік, Чако Торрес соңғы рет Еуропа жерінде "Металлист" сапында ойнаған еді. Харьковтік клуб сапында ол 45 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Оның алдында "Расинг" (Авельянеда), "Сан-Лоренсо де Альмагро" командаларында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушының соңғы клубы аргентиканлық "Атлетико" командасы болған еді. Бірақ, бұл клубтың сапынта ол небәрі 5 ойынға ғана қатысты.
Сондай-ақ Чако Торрес Лионель Месси, Серхио Агуэро және Пабло Сапалета сынды әлем футболының жарық жұлдыздарымен Аргентина жастар құрамасы сапында бірге ойнап, 2005 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.
Жарнама