Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Аздрен Ллуллаку Албания құрамасына шақырту алды

"Астананың" шабуылшысы Италия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы екі ойынға қатысуы мүмкін.


"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" ФК ресми сайтынан
Албания құрамасының бас бапкері Джанни де Бьязи халықаралық үзіліс кезінде Италия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы екі ойынға "Астананың" шабуылшысы Аздрен Ллуллакуды шақыртты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Албания құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Италиямен күш сынасса, Босния және Герцеговина құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Осылайша, Қазақстанның үш дүркін чемпиондары сапынан 11 ойыншы ұлттық құрамалары сапына шақырту алды. Қазақстан ұлттық құрамасына қорғаушылар Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков және шабуылшы Роман Мұртазаев шақырту алса, біздің  жастар құрамамызға – жартылай қорғаушы Геворг Наджарян мен шабуылшы Дидар Жалмұқан шақыртылды. Игорь Шитов пен Иван Маевский Беларусь құрамасына қосылса, Джуниор Кабананга – Конго ДР, Неманья Максимович – Сербия жастар құрамасына шақырту алды.
  Пікір: 0
  0