auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Команданың атынан жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын - Асланбек Кәкімов

Команданың атынан жеңіліс үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын - Асланбек Кәкімов
"Ақтөбе" ФК ресми сайтынан
"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші туры аясында шымкенттік "Ордабасыға" қарсы өткен ойын (0:1) жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Асланбек, бүгін өз алаңымызда алғашқы ойын өткізіп, қарсыласқа есе жібердік. Не себепті жеңілдік? Қандай факторлар әсер етті?

- Өздеріңіз көрдіңіздер, ойын барысында біз толықтай басымдыққа ие болдық. Допқа иелік ету болсын, қауіпті сәттер болсын, қақпаға соққы жағынан болсын біз қарсыластан басым болдық. Алайда шабуылда соңғы нүктені қоя алмадық. "Ордабасының" алаңына дейін барып, біршама мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Соғылған голға келер болсам, қарсылас біздің бір қателігімізді пайдаланып кетті.

- Команда қысқа пастармен жақсы ойын көрсетті, бірақ алыстан соққы жасаулар аздау болып жатыр. Не себепті алыс қашықтықтан соққылар жасалмай жатыр?

- Бапкер де нұсқау бергенде қақпаға көбірек соққы жасауымызды талап етеді. Қос қапталдан жақсы пастар болды, бірақ алыстан соққы аз жасалды.

- Бүгінгі төреші жайлы не айтасыз?

- Төрешінің жұмысына пікір білдіргім келмейді. Бірақ жанкүйерлерге қарата бір ауыз пікір білдіргім келеді. Бүгінгі жеңіліс үшін бүкіл команданың атынан, өз атымнан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алдағы уақытта тек жеңістермен қуанта береміз деп үміттенем. Ойынымыз бар, тек енді бап пен бақ қатар шапса, әлі-ақ жеңісті күндер қайта келетініне сенімдімін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама