auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Тобылға" қарсы ойынға ерекше ынтаммен шықтым - Рафкат Аслан

"Тобылға" қарсы ойынға ерекше ынтаммен шықтым - Рафкат Аслан
"Ақтөбе" ФК ресми сайтынан
"Ақтөбе" командасының қорғаушысы Рафкат Аслан Қазақстан біріншілігінің 2-ші туры аясында қостанайлық "Тобылға" қарсы өткен ойын (0:0) жайлы клубтың баспасөз қызметіне өз пікірін білдірді.

- Психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да бүгінгі ойын біз үшін оңайға соққан жоқ. Бірінші турда жеңілген соң, командаға жаңа серпіліс керек болды. Біз бұл ойынға тек жеңу үшін шықтық. Екінші жағынан, "Тобыл" менің үш жыл бойы доп тепкен командам, яғни, бүгін өзімнің бұрынғы командама қарсы ойнадым. Сондықтан да мен бүгінгі ойынға ерекше ынтаммен шықтым. Есеп теңбе-тең, бірақ қалай да бүгін үш ұпай олжалауымыз керек еді. Сондықтан бұл есепке көңіліміз аса тола қоймады.

- "Тобыл" жанкүйерлері тарапынан саған ерекше "ыстық ықылас" болды ма? Яғни, ысқырып, қысым көрсететіндей, арандататындай әрекеттерді байқамадың ба?

- Жоқ, ондай әрекеттерін көрмедім де, естімедім. Мені жанкүйерлер әрқашан сыйлайтын. Сондықтан, ондай қысымшылықты сезінбедім. Сөздің орайы келіп тұрғанда айтайын, шалғай Ақтөбеден келіп, бүгін бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерімізге рақметімді айтамын. Барша ақтөбелік жанкүйерлерге зор алғыс.

- Бір аптадан соң өз алаңымыздағы алғашқы ойынды өткіземіз. Қарсыласымыз – шымкенттік "Ордабасы". Үш ұпай олжалай аламыз ба?

- Әрине! Бастысы, бас бапкердің нұсқауларын дұрыс орындасақ, жеңіске жету үшін сол жеткілікті деп ойлаймын. Себебі, бапкер команданың әлсіз және мықты тұстарын әбден зерттеп, бізге дұрыс бағыт беріп отырады. Ертеңнен бастап сол ойынға дайындалатын боламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама