auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Амкар" норвегиялық шабуылшысын "Қайрат" сапына ауысқанын растады

"Амкар" норвегиялық шабуылшысын "Қайрат" сапына ауысқанын растады
© fc-amkar.org
Ресейдің "Амкар" және алматылық "Қайрат" футбол клубтары шабуылшы Чума Анененің қазақстандық клубқа ауысуы туралы келісімге келді. Бұл туралы ресейлік клубтың сайтында айтылған.

Анененің ресейлік клубпен келісімшарты жазда аяқталады. Шабуылшы бұл команда үшін 24 матчта екі доп соққан.

"Алматылық клуб директоры Қайрат Боранбаевпен келіссөз кезінде "Қайрат" жаңа шабуылшы іздеуге білек сыбана кіріскеніне куә болдым. Әріптестеріміз дұрыс шешім қабылдағанына сенімдімін, Чума Анане Қазақстан біріншілігінде көзге түсетін шабуылшы ғана емес, "Қайратқа" еурокубоктар кезінде де өте пайдалы болады.

Біз өз қатарымызға Алексей Гасилинді қосқаннан кейін, Чуманың легионерлерге арналған лимиті бар болғандықтан негізгі құрамда өнер көрсете алмайтын еді. Қысқа мерзімде барлығының көңілінен шыққан шешім таптық, футбол тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да. Чума Аненеге алғысымды білдіремін және сәттілік тілеймін.

Шабуылшының бұл трансферге біздің клубпен келісімшарты аяқталардан үш ай бұрын келіскеніне ерекше атап өткім келеді. Еркін агент ретінде ол өзіне Ресейден-ақ тиімдірек клуб табуы мүмкін еді, бірақ, біздің мүддемізді ескере отырып осындай шешімге келісті. Мұндай адамгершілік қарым-қатынас қазіргі уақытты тым сирек кездеседі, әсіресе легионерлер тарапынан. Бұл біздің клубта өте жақсы қарым-қатынас орнағанына тағы бір дәлел", - дейді "Амкардың" атқарушы директоры Денис Маслов.

Өз кезегінде Чума Анене де клубқа алғысын білдірді.

"Амкардың" маған бергені көп. Бұл клубта менің өзіме деген сенімімі артты, футбол сабақтарын алдым және оны мәңгі есте сақтаймын. "Амкарға" пайда тигізе алатындығыма қуанышты екенімді жасырмаймын, бапкерлер, командаластарыммен мен жанкүйерлер алаңда мен жақсырақ өнер көрсететінімді күткен, дегенмен, клуб жақсы табыс табады. Пермь мәңгі менің жүрегімде. "Амкарға" шын жүректен жеңістер тілеймін", - дейді шабуылшы.

Еске салайық, "Қайрат" бұл ойыншы үшін бір миллион еуро береді.

23 жастағы Анене Норвегияда дүниеге келген, тегі нигериялық. Ол карьерасын 2011 жылы бастаған. Норвегияда "Волеренг", "Улл/Кису" мен "Стабек" клубтарында ойнаған, ал Македонияда "Работнички" намысын қорғаған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама