auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Бозымбаев Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды

Қанат Бозымбаев Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланды
Астанада Қазақ күресінің халықаралық федерациясын құру шешімі қабылданды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бүгін, 21 ақпанда ұйым құрылтайшыларының конгрессі өтті. Бұл жиынға 35 елдің делегаттары қатынасты, олардың арасында Гана, Куба, Жаңа Зеландия, Сербия, Уругвай сияқты мемлекеттер бар. Отырыс кезінде құрылып жатқан Қазақ күресінің халықаралық федерациясының басшылығы таңдалды және алдағы төрт жылға жұмыс жоспары мен жарғысы бекітілді.

Халықаралық федерация президенті болып ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев тағайындалды. Белгілі палуандар Жақсылық Үшкемпіров және Дәулет Тұрлыханов вице-президент болды.

"Бізде өте мықты республикалық федерация бар. Оны арман Шораев басқарады. Мен бірнеше рет құрметті президент ретінде оның ісіне аралас болдым. Біз "Еуразия барысы" және "Әлем барысын" біріге өткіздік, жақсы тәжірибеміз бар. Бұл халықаралық турнирлер қазақ күресін елімізде ғана емес, әлемге танытты. "Қазақстан барысы" қазір юокс және футбол сияқты танымал жарыс түрлері. Белгілі бір тәжірибе жинақталды. Ұлттық күресімізді халықаралық деңгейге көтеру үшін күш салуымыз керек, насихаттау қажет, әлем бойынша бұл спортқа қызығатын адамдар қатары көбею үшін. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Ең алдымен әдістемелік құралдармен, дискілер жазып, арнаулы әдебиет беріп, мүмкін киім мен залды жалға алу жағынан да көмектесерміз. Бү\ұл күрес әлем бойынша таралу үшін. Өз кезінде дзюдо да осылай таралған, таеквандо да. Біз бір жаңалық ашайын деп отырған жоқпыз, салынған сүрлеумен жүреміз.

Федерацияға Олимпиада чемпионын шақырдық. Әлемге танымал палуан Жақсылық Үшкемпіров бірінші вице-президент болды. Олимпиада жүлдегері, КССР-дің бірнеше дүркін чемпионы атақты палуан дәулет тұрлыхановты шақырдық. Қытай Халық Республикасы федерациясының жетекшісі Азиядағы вице-министр болды, Еуропадан - Польша федерациясының жетекшісі. 35 елден құрылтайшысы бар мойындалған Халықаралық федерация болады. Ол Қазақстанда тіркеліп, барлық халықаралық органдарда сертификатталады", - дейді Бозымбаев.

- Қаржыландыру жағы қалай болады?

- Құрылтайшы болған 35 ел қаржыландырады. аппарат құрамы аз болады. Жоғарыда атап өткен адамдар вице-президенттер, олардың қолынан ешқандай қаржы өтпейді, олар тіпті еңбекақы да алмайды, мен де. Демеушілер қаржыландыратын болады, оларды тарту үшін жарыстарды коммерцияландыру керек. Бұл бірінші кезекте халықаралық жарыстарға қатысты. Сосын ең бастысы елімізде де, шетелде де күресімізді насихаттау үшін жастармен жұмыс жүргізіледі. Қаржыландырудың негізгі бағыттары осы.

- Дәл осы уақытта Халықаралық федерация атынан жарыс ұйымдастыру жоспарда бар ма?

- Тіркелуді жоспарлап отырмыз. Әлем чемпионатын өткізуіміз қажет, кемінде екі жылда бір рет. Азия чемпионатын, Әлем Кубогы және Азия кубогын жылда өткізу керек. Сондықтан республикалық федерация "Қазақ барысын" іште өткізумен, ал Халықаралық федерация - халықаралық деңгейде жарыс өткізумен айналысатын болады. Жарыстар Астанада ғана емес, неге шетелде де өтпеске?
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама